Атырау, 21 мамыр 03:13
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Елу томға жиналған пара мен бюджет қаражатын жымқыру

4 153 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВКЕ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, Кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас бухгалтері Назымгүл МАЖИТОВАҒА және тағы бірнеше білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты сот процесі жалғасуда. Әңгіме төркіні негізінен пара және «бөтен мүлікті иелену», яғни бюджет қаражатын ұрлау туралы болып отыр. 

Қазіргі уақытта куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу аяқталды, сотта қылмыстық істің 50-ден астам томы зерделеніп жатыр. Судья Жұмағали ТӘШІМОВ әр іс бойынша ең маңызды фактілерді атап өтті. Мысалы, әр түрлі эпизодтар бойынша 4 млн 540 мың теңге, 9 млн 500 мың теңге, 2 млн 820 мың теңге, 3 млн 300 мың теңге және т.б. ақшалай қаражатты иемдену фактілерін келтірді. 2016-2018 жылдары Президенттік шыршаны өткізу кезінде 61 млн 179 мың теңге; мұғалімдер форумы мен тамыз конференциясын өткізу кезінде сәйкесінше 5 млн 260 мың теңге және 7 млн 360 мың теңге жымқырылған. Осылай жалғаса береді.   

Іске қатысты барлық томдар зерделенгеннен кейін, жарыссөз басталады. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

29 желтоқсан 2019, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.