Атырау, 20 мамыр 07:37
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ-тың Канзас штатында ұшақ шығаратын зауытта жарылыс болды

3 379 просмотра


Уичито қаласындағы (Канзас штаты) авиақұрылыс зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды Қазақпарат CNN телекомпаниясына сілтеме жасап. 

Жарылыс азаматтық және әскери ұшақтар шығаратын Beechcraft авиаконцернінің зауытында болған. Рождествоны мерекелеуге орай зауыт жұмысын тоқтатқан болатын. Осыған байланысты оқыс оқиға кезінде адам өлімі болмауы тиіс. Қазіргі уақытта жарылыс орнында құқық қорғау органдары мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Соңғы деректерге қарағанда, келеңсіз жағдай салдарынан 11 адам ауруханаға түсті. Тағы төрт адамды сол жерде дәрігерлер қарап, үйлеріне қайтарды.

Дереккөз: 24.kz

29 желтоқсан 2019, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.