Атырау, 21 мамыр 01:21
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Әуе апатынан соң: Адамдар Bek Air рейстеріне билет тапсыра алмай жатыр

3 178 просмотра


Bek Air әуе компаниясының түрлі рейстеріне билет сатып алған Атырау тұрғындары Атырау халықаралық әуежайында әуе компаниясы кассасының алдында билеттерін тапсырғалы тұр. Өйткені, тасымалдаушының қызметі Алматы маңындағы ұшақ апатының себебі анықталғанша тоқтатылған болатын.

«АЖ» тілшісі  Bek Air билеттерін сататын Атырау бекетінде болып қайтты. Кезекте тұрған адамдардың айтуынша, әуе компаниясының өкілі толық ақпарат бермеген,  ал билет құнын тек бүгінгі рейстерге ғана қайтарып жатыр.  

- Бізге тек 27 желтоқсандағы билеттердің ғана рәсімделетінін айтты, ал одан кейінгі күндерге қатысты әлі нақты ақпарат жоқ, - дейді  өзін таныстыруды қаламаған Bek Air өкілі.

- Билеттің толық құны тек әуежайдағы біздің кассаларымыздан сатып алғандарға немесе біздің ресми сайтымыз арқылы рәсімдегендерге ғана қайтарылады, ал интернетте басқа сервистік қызметтерге  жүгінгендер бізге емес солардың колл-орталықтарына хабарласуы керек. Ертеңгі рейстер бойынша ақпарат әзірге жоқ.  Егер ертең тағы рейстер ұшпайтын болса, әрине, билеттер кері қайтарылады.

- Таңертең рейс болды ма?

- Иә, сағат  07:45 (ұшақ апаты  07.22 сағатта орын алды – Ф.Ә.)  Атырауға Алматыдан ұшып келген рейс аман-есен қонды.  

Кезекте тұрған жігіт интернетте танымал сайттардың бірінен Bek Air рейсіне билет сатып алған, міне, енді таңертеңнен бері олардың колл-орталықтарына қоңырау шала алмай отырғанын айтты. Оның айтуынша, ол Алматыдан басқа елге ұшуы тиіс екен.

Жалпы бұл жерде Bek Air жергілікті өкілдігімен және 31 желтоқсанға дейінгі орындалуы жоспарланған әуе компаниясының барлық рейстерінің жолаушыларына билеттің ақшасын қайтару жүзеге асырылады деген әлеуметтік желідегі әуе компаниясының ресми бетшелеріндегі мәлімдемелері арасында қарама-қайшылық бар.

Одан әрі «билетті сатып алған жерге»  хабарласу керек немесе егер билетті әуе компаниясының ресми сайтында алған болса, callcenter@bekair.aero электронды поштасы арқылы қайтарып беруді сұрау керек делінген.  Алайда сатып алынған жерден қайта алу мүмкін болмай отыр. Бәлкім, интернет арқылы алғандардың жолы болған шығар?


Еске сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Bek Air әуе компаниясы Атыраудан «Атырау-Шымкент», «Атырау-Алматы», «Атырау-Нұр-Сұлтан» және соған сәйкес кері рейістерді орындады. Бүгін таңертең  бортында  98 жолаушысы, оның бесеуі экипаж мүшелері  бар  «Алматы-Нұр-Сұлтан»  Bek Air ұшағы  көтеріле бастаған кезде биіктікті жоғалтып, бетонды қоршауға соғылып,  екі қабатты үйге тіреліп қалды. Дәл қазіргі уақытта 15 адамның өлгені туралы белгілі болды.  Fokker-100 ұшақтарының ұшуы және Bek Air қызметі тоқтатылды.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

29 желтоқсан 2019, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.