Атырау, 20 мамыр 23:20
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«28 желтоқсанда корпоратив кештерін өткізуге бола ма? Өздеріңіз шешіңіздер»

3 289 просмотра


«АЖ» тілшісіне Атырау  қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВ қоңырау шалды. Оның айтуынша, күні бұрын 28 желтоқсанға жоспарланған жаңа жылдық корпоратив кештеріне қатысты сауалдар көптеп түсіп жатқан көрінеді. Бұл күнді -  өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

- Мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі  барлық жаңа жылдық мерекелік шаралар кейінге қалдырылды. Жекелеп айтқанда, 27 желтоқсанда болатын «Жыл адамы-2019»  салтанатты жиыны дүйсенбіге ауыстырылды.  Жеке мекемелерде 28  желтоқсанға жоспарланған шараларға келетін болсақ, оны ұйымның өз басшылары шешетін болады, - деді Науаров.

Анастасия АЛЮШИНА 

29 желтоқсан 2019, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.