Атырау, 20 мамыр 22:48
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраулық студенттер екі тәулік бойы Алматыдан ұша алар емес

Сурет Бейнежазба
3 813 просмотра


Bek Air  рейстеріне әуе билеттерін сатып алған Атырау және еліміздің батыс өңірінің басқа қалаларынан келіп оқитын студенттер екі тәулік бойы Алматыдан ұша алмай жатыр. Студенттердің сөзіне қарағанда, олардың көпшілігі емтиханнан кейін жалдап отырған пәтерлерін иелеріне тапсырған, енді міне, көшеде қалғанға ұқсайды.

– Біз кешеден бері Алматы әуежайындамыз. Жолаушылардың басым бөлігі – Атырау, Орал, Ақтөбе және ақтаулық студенттер. Bek Air компаниясы жолаушыларға басқа әуе компанияларынан ұшаққа орын тауып береміз деп уәде еткен болатын, бірақ әлі күнге ұша алмай жүрміз, - дейді оралдық студент Айым ҒҰМАРОВА. – Ешкім нақты ақпарат бермейді, тіпті, бізге әуе билетіне ақшамызды қайтарып та берген жоқ.  Bek Air  өкілдері бізге ақшаны 10 күн ішінде береміз дейді, бірақ біз сонша күн күте алмаймыз, жаңа жылды үйімізде қарсы алғымыз келеді.

- Рейсті тоқтатқан жағдайда әуе компаниясы жолаушыларға сусындар немесе ыстық тағамдар ұсынуға міндетті. Сіздерді тамақтандырды ма?

- Жоқ, аш отырмыз. Бізге ештеңе берген жоқ, тек бөтелкедегі суды ғана қалдырды. Кейін біз айқай шығарған соң, тағы су әкеліп берді. Адамдардың барлығы шаршаған. Бүгін кешке қарай кеспе мен күріш берді. Үйге қашан жететінімізді білмейміз.

 Студенттердің айтуынша, Алматы әуежайындағы ұша алмай жүрген жолаушылардың көпшілігі Қазақстанның батыс облыстарынан екен.

 Студенттерге «Алматы-Орал» бағыты бойынша FlyArystan  лоукастеріне билеттер болуы мүмкін деп айтқан, алайда билет құны бір бағытқа 60 мың теңге. Бұдан басқа, студенттер жүктің әр келісі үшін 1200 теңге төлеуі тиіс, каникулға келе жатқан жастардың жүктері де баршылық.  

 «АЖ» тілшісінің қоңырауына Алматы халықаралық әуежайының өкілі қазір әуежайда студенттер жоқ деп хабарлады.

- Қазір біз әуежайда қанша атыраулық жолаушылар бар екенін нақты айта алмаймыз, біреулері келіп жатса, енді біреулері кетіп жатыр, -  деді әуежай өкілі.

 

 

Таңертең «Алматы-Атырау» бағытындағы Bek Air ұшағы Атырауға қонуы керек еді, бірақ жолаушылар Алматы әуежайында қалды. Сондай-ақ,  Scat және Qazaq air әуе тасымалдаушылары өз рейстеріне Bek Air жолаушыларын қолдарындағы билетті ауыстыру жолымен отырғызады деп хабарланған еді, алайда атыраулық және оралдық студенттердің айтуынша, ондай таңғажайып құбылыс болмаған сияқты. Әуе тасымалдаушылар ұшақ бортында бос орындар болса ғана ала кетеміз деген еді. Алайда жаңа жылдық мерекелерге байланысты орын қалмаған.

Бұдан бұрын Bek Air әуе компаниясы 27-31 желтоқсан аралығында «Нұр-Сұлтан - Атырау», «Атырау - Шымкент», «Атырау - Алматы», «Шымкент - Атырау», «Атырау - Нұр-Сұлтан» маршруттары бойынша рейстерін тоқтатқаны туралы хабарлаған еді.

Пойызбен Атырау мен Алматыға бару мүмкін емес, өйткені, теміржол кассаларында билет жоқ.

Бұл жағдайды Атырау-Шымкент бағыты бойынша қызмет көрсететін атыраулық таксишілер де тиімді пайдалануға тырысуда.  Жұмсақ жеңіл көлікпен оңтүстікке жету үшін әрбір жолаушы 40 мың теңге төлеуі керек. 

 

 

 Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де Aviata.kz қосымша бетшелерінде Air Astana әуе компаниясының  «Алматы-Атырау» рейсінің билетіне аспандағы бағаны сұраған скриншот тарап жатыр. Алматыдан Атырауға дейін бір әуе билеті ұлттық әуе тасымалдаушының ұшағында 300 мыңнан 882 мыңға дейін тұрады.


 

 

 - Қайғылы оқиғаларға байланысты әлеуметтік желілерде жарияланатын хабарламалардың кейде сәйкес келмейтіндігі және қолданушылар тарапынан үнемі тексерілмейтіндігін біз жақсы түсінеміз. Компания жедел режимде ішкі тергеу жүргізді. Оның қорытындысына сәйкес біз ресми түрде Алматы-Атырау бағыты бойынша таралған скринде көрсетілген билет құны 29 желтоқсандағы баға екенін мәлімдейміз. Орын  екі жолаушыға іздестірілген, алайда сол сәтте эконом-класста бар-жоғы бір-ақ орын болған. Осыған байланысты  Amadeus  әуе компаниясы жүйесінде стандартты іздестіру басқа ұшу нұсқаларын таба алмаған, өйткені, тек бір-ақ орын болған, ал олар екі орынға іздеген. Сондықтан жеткізуші жүйесі біздің серіктесіміз -  еурапалық trip.kz агенттігіне сұраныс жіберген, - деп түсінік берді Aviata.kz.  –  Агрегатор еуропалық агенттіктер үшін қолжетімді қымбат эконом-класс тарифтерін қолдана отырып,  Атырауға Мәскеу арқылы ұшуды таңдаған.

Біздің нарықта  Air Astana барынша тартымды тарифтерді ұсынады және сол бойынша өз сайтында және аккредиттелген қазақстандық агенттіктерде билеттерін сатады. Эконом-класта екі жолаушыға орын болмағандықтан іздеу нәтижесінде қымбат тұратын Мәскеу арқылы баратын нұсқа көрсетілген.  Бұл - бірнеше жайттардың қабысуы мен бағаның көтерілуі жөніндегі скринді жариялаған автордың мұқиятсыздығынан болған жағдай. Қысқасы, Air Astana  әуе компаниясы бағаны өсірген жоқ.

 Фархат ӘБІЛОВ

29 желтоқсан 2019, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.