Атырау, 20 мамыр 02:45
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Сомали астанасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 90-ға жетті

2 639 просмотра


Сомали астанасы Могадишо қаласында жарылғыш зат қойлыған көлік жарылды. Осыған дейін, жергілікті Dalsan радиостанция оқиға салдарынан 50 адам қаза тапқанын хабарлады. 

Ал Парламент мүшесі Әбдіразақ Мохамедтің айтуынша, қаза тапқандар саны 90-ға жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

 "Жарылыс салдарынан 90 адам қаза тапқаны, оның ішінде 17 полицей және 73 ел азаматы және 4 шетел азаматы болғаны туралы хабар жеткізді", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.


 Әзірге ешқандай террорлық ұйым бұл істі мойнына алған жоқ. Сомалиде радикалды исламшыл "Аш-Шабаб" ("Жас моджахедтер қозғалысы") тобы шоғырланған, олар "Әл-Каида" террорлық ұйымымен тығыз байланыс орнатқан. Олар Сомали орталық үкіметіне қарсы соғысып жатыр және БҰҰ гуманитарлық көмегіне тосқауыл болған.  2008 жылы АҚШ осы ұйымды террорлық қозғалыс ретінде тіркеген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 желтоқсан 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.