Атырау, 20 мамыр 22:48
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сыйлықты алсаң, айыппұл тағылады

4 538 просмотра


Атырау облысында шенеуніктерге шарап, виски картиналар мен тәттілер және басқа да сыйлықтар беріледі. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілер арнайы қорға 25 сыйлықты тапсырды, олардың бағалау құны 320 мың теңгені құрады. 

- Заң бойынша мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін алғыс ретінде сыйлықтар немесе қандай да бір қызмет түрлерін қабылдауға тыйым салынған. Егер сыйлық алынған болса, онда ол жеті күн ішінде Қаржы министрлігінің жекешелендіру және мемлекеттік мүлік комитетінің жергілікті бөлімшесіне қайтарымсыз түрде тапсырылуы керек, - деп хабарлады ҚР жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінде.  

Одан әрі процедура былай: мемлекеттік мүлік комитетінде тәуелсіз бағалаушылар көмегімен сыйлықтардың құны белгіленеді және оны тапсырған шенеунікке сол ақшаға сатып алу ұсынылады, егер бас тартқан  жағдайда gosreestr.kz.сайтында аукционға қойылады.  Жоғарыда аталған 25 сыйлықтың 22-сі осындай әдіспен сатылып,  жалпы сомасы 70 мың теңге болатын ақша бюджетке түсті. 

Егер шенеунік сыйлықты өзінде қалдырып, ал артынан ол туралы белгілі болған жағдайда ҚР ӘҚ кодексіне сәйкес 600 АЕК көлемінде айыппұл тағылады. Жауапқа сондай-ақ, сыйлық ұсынушы да тартылады, оған 200 АЕК айыппұл салынады. 

Фархат ӘБІЛОВ

27 желтоқсан 2019, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.