Атырау, 6 мамыр 18:44
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырауда бір күнде 17 млн теңгеге ІРО акциялары сатып алынды

2 000 просмотра

Халықтық ІРО аясында акцияларды сатып алу өтініштерінің жалпы сомасы алғашқы күні (6 қарашада) облысымызда 17 млн теңгені құрады.

- Біз кеше 10 клиенттен 24 мың акцияны сатып алуға тапсырыс қабылдадық, жалпы сома 17 млн теңге құрады,- дейді «Қазпошта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының қаржылық қызметтер бөлімінің бастығы Алтынай САМИЕВА . Тағы 10 клиент Орталық депозитарийден шот ашуға брокерлік келісім-шарт жасады. 

А. Самиеваның айтуынша, бұл күндері облыстық «Қазпошта» бөлімшелерінде ықтимал клиенттер де, әлі бір шешімге келмегендер де көптеп келіп жатыр екен:

- Бізге зейнеткерлер де, жастар да келіп, қызығушылық білдіруде. Дүрлігіс сезіледі, адамдар кешігіп қалмадық па деп қорқатын сияқты. Бірақ біз оларға өтініштердің 5 желтоқсанға дейін қабылданатынын айтып, түсіндіріп жатырмыз.

Естеріңізге салсақ, бірінші кезеңде саттыққа «Қазтрансойлдың» қарапайым акциялары (бір данасының бағасы 725 теңгеден) шығарылған. Халықтық ІРО бағдарламасы туралы толығырақ 8 қарашада жарық көретін «АЖ» газетінен оқыңыздар.

Еліміз бойынша жарты күн ішінде барлығы 86 миллион теңгеге өтініш берілген.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 қараша 2012, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.