Атырау, 5 мамыр 09:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Канадада ұшақ апатынан қаза тапқандар Өзбекстан тумасы болып шықты

3 021 просмотра


Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан тумасы Отабек Облоқұлов, Бобомурод Набиев және олардың отбасы мүшелері Канадада ұшақ апатынан опат болғанын растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі. 

Ведомствоның мәлімдеуінше, жеңіл моторлы ұшақты Отабек Облоқұлов басқарған. Ол әйелі және үш баласын алып, туыстарымен бірге (жалпы жеті адам) Торонтодан Кингстонға демалысын өткізу үшін бара жатқан. Қолда бар деректерге қарағанда, қайғылы оқиғаға ауа райының күрт нашарлауы себеп болған. Қаза тапқандардың кім екендігі толық анықталған. Өзбекстан СІМ көз жұмғандардың мәйітін отанына қайтару мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін Канаданың Онтарио провинциясындағы Кингстон қаласы әуежайының маңында шағын ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Торонтодан ұшқан ұшақ Кингстон әуежайына қонуы тиіс болған. Бірақ кешкі бесте әуежайға жеті шақырым жетпей, орманға құлаған.


Дереккөз: Inform.kz

29 қараша 2019, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.