Атырау, 5 мамыр 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Еурокомиссияның жаңа құрамы бекітілді

2 281 просмотра


Еуропалық парламент Урсула фон дер Ляйен бастаған Еуропалық Комиссияның жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. 

Ресми ұсынылған құрамды 461 депутат қолдаса, 157 депутат қарсы дауыс берген. 89-ы дауыс беруден бас тартты. Страсбургтегі пленарлық дауыс беру Еуропалық парламент тарапынан ұзаққа созылған еурокомиссарлар лауазымына үміткерлерді таңдау процесін аяқтайды. Ұлыбритания өз өкілін ұсынудан бас тартқандықтан, Еуропалық комиссия 27 мүшеден құралатын болды. Жаңа Еурокомиссия қарашада өз жұмысына кірісуі тиіс, алайда қыркүйекте басталған еурокомиссарларды бекіту процесі еуродепутаттардың Франция, Румыния және Венгрия үміткерлерін қабылдамауына байланысты ұзаққа созылды. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

29 қараша 2019, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.