Атырау, 5 мамыр 06:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Талибан қозғалысы АҚШ-ты келісімге шақырды

1 825 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп «Талибан» радикалды қозғалысы Уашингтонмен бейбіт келісім жасағысы келетінін айтты. Ақ үй әкімшілігі Талибанмен келіссөздерді қайта бастаған. 

Трамптың айтуынша, Америка Құрама Штаттары Ауғанстан аумағындағы әскер санын 8600 әскерге дейін азайтпақ. «Біз келісімге келгемейінше, толық жеңіске жетпейінше тоқтамаймыз. Біз Талибан өкілдерімен кездестік. Бұрын олар атысты тоқтатуды қалаған жоқ, бірақ қазір керісінше. Соңғы алты айда айтарлықтай жетістіктерге жеттік және сол аралықта біз өз әскерлерімізді шығарып жатырмыз», — деді. 

2017 жылы АҚШ Талибан қозғалысын келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеу үшін Ауғанстандағы әскер санын көбейтіп, әуе шабуылын жиілеткен болатын. Бірақ Пентагонның бұл әрекетіне қарамастан Талибан қозғалысы әлі күнге дейін Ауғанстан аумағының басым көпшілігін өз бақылауында ұстап тұр. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

29 қараша 2019, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.