Атырау, 5 мамыр 09:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Канадада ұшақ апатқа ұшырады, құрбандар арасында балалар бар

2 276 просмотра


Канаданың Онтарио провинциясындағы Кингстон қаласы әуежайының маңында шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTVNews.ca-ға сілтеме жасап. 

Жеті адам опат болған, соның үшеуі жас бала. Канаданың Көліктегі қауіпсіздік кеңесі апат орнына сарапшыларын жіберген. Бейсенбі күні кешкісін қайғылы оқиғаның суреттері жарияланды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Торонтодан ұшқан ұшақ Кингстон әуежайына қонуы тиіс болған. Бірақ кешкі бесте әуежайға жеті шақырым жетпей, орманға құлаған. Хабарларға қарағанда, апаттың алдында ғана Кингстон облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апат болған кезде қатты жел соғып, нөсер жауған.

Дереккөз: Inform.kz

29 қараша 2019, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.