Атырау, 5 мамыр 03:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Ливандағы ереуіл: Үкімет басшылары отставкаға кетіп жатыр

2 346 просмотра


Ливандағы ереуілден кейін үкімет басшылары біртіндеп отставкаға кетіп жатыр. Жақында министрлер кабинетінің басшысы қызметінен кеткен. Алайда, ереуілшілер билікке толықтай жаңа құрам келмейінше, алған бетімізден қайтпаймыз дейді. 

Politico басылымының мәліметінше, елдің премьер-министрі отставкаға кеткеннен кейін президент Мишель Аун жаңа үкімет құру туралы ұсыныс жасаған. Ливан президентінің айтуынша, экономикалық дағдарысқа ұшыраған Ливанды бұл тығырықтан шығару үшін шұғыл реформа өткізіп, жаңа үкімет құру керек. Өткен аптада Ливандағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты «Ливан күштері» партиясы басқарушы коалиция құрамынан шықты. 

Ливандағы жағдай 17 қазан күнгі үкіметтің шешімінен кейін ушыққан еді. Атап айтқанда, саясаткерлер ғаламтор арқылы қоңырау шалуға арналған бағдарламаны қолдану үшін ай сайын 6 доллар көлемінде салық енгізбек болған. Бірақ ереуілдер өршіген соң билік бұл шешімнен бас тартты.

Қазіргі уақытта ливандықтар биліктің түбегейлі отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

1 қараша 2019, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.