Атырау, 5 мамыр 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Пәкістанда пойыз өртенді: қаза тапқандар саны 60-тан асты

2 236 просмотра


Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында пойызда газ баллоны жарылысы салдарынан қаза тапқандар саны 62-ге жетті, ондаған адамадар жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости

Осыған дейін, Пәкістанда пойыз өртену салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алғаны айтылған еді. Компания өкілінің айтуынша, өрт - тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан.  Пәкістан темір жол министрі Geo TV телеарнасына берген сұхбатында Шейх Рашидтің айтуынша, көптеген адамдар қозғалыс кезінде өртеніп жатқан пойыздан секіремін деп қайтыс болған.  Дәрігерлер қаза тапқандардың көбісінің кім екенін анықтай алмай жатыр екен. Кейбіреулері қатты күйіп қалған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


31 қазан 2019, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.