Атырау, 5 мамыр 08:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Мұсылмандарды өртеді" деп айыпталған бұрынғы босниялық сарбаз 20 жылға сотталды

2 386 просмотра


Босния-Герцеговина соты 1992-95 жылдар аралығында Босниядағы соғыс кезінде "57 мұсылманды өртеді" деп айыпталған бұрынғы босниялық сарбазды 20 жылға соттады.

64 жастағы Радомир Сусниярға (Лалко деген атпен де белгілі) "адам өртеуден" бөлек ұрлық және азаматтарды заңсыз қамау бойынша айып тағылған.

Коритник қаласына шабуылдан кейін ұсталған бір топ босниялық мұсылман бір үйге қамалып, сыртынан от қойылған. Сот дерегінше, Суснияр мен өзге де босниялық серб сарбаздары үйден ешкім қашып кетпеуі үшін оқ атып, сес көрсеткен.

Ұзақ жыл Францияда тұрған Суснияр 2014 жылы ұсталып, Франция түрмесінде төрт жыл отырды. 2018 жылы Боснияға экстрадицияланды. 2012 жылы халықаралық сот дәл осындай қылмыс бойынша айыпталған босниялық ағайынды Милан және Средове Лукичке өмірлік жаза және 27 жыл түрме жазасын берген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

31 қазан 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.