Атырау, 5 мамыр 07:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Грузияға жасалған хакерлік шабуыл: Мен қайта оралам

2 502 просмотра


Грузиядағы мемлекеттік мекемелер мен телеарналар ауқымды хакерлік шабуылға ұшырады. Хакерлік шабуыл екі мыңнан астам ресурсқа жасалған, олардың арасында жекелеген компаниялар, үкіметтік емес ұйымдардың сайттары да бар. 

Кибер-шабуыл сот тармағына қатысты сайттарға да жасалған. Хакерлер сайттардың бетіне Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің суретін қойып, «Мен қайтып келемін» деген мәтін қалдырған. Ал, хакерлік шабуыл арқылы жасалған кедергіден кейін елдегі екі ірі телеарна эфирді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. «Имеди» арнасы өзінің әлеуметтік желі парақшасында жасаған мәлімдемесінде хакерлік шабуыл байланыс сигналын үзіп тастағанын, тікелей эфирге шығуға амалсыз қалғандарын, тіпті монтаж жасауға арналған компьютерлер де істемей қалғанын жазған. Елдің Ішкі істер министрлігі кибер-шабуыл туралы тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Алайда, қазірге дейін анық ештеңе айта алмай отыр. Ал, сол елдегі BBC тілшілері болса өз хабарларында шабуылдың артында Ресей тұрған болуы мүмкін деген болжамдарын айтқан. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

29 қазан 2019, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.