Атырау, 5 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Филиппиндегі зілзала 9 адамның өмірін қиып кетті

2 469 просмотра


Бүгін Филиппиннің оңтүстік бөлігіндегі Миндинао аралында жер сілкінісі болып, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Manila Bulletin газетіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін екі адамның көл жұмғаны хабарланған еді. Табиғи апат құрбандарының арасында эвакуациялау кезінде мектеп үйінділерінің астында қалып қойған балалар мен жасөспірімдер бар. Алдын ала деректерге қарағанда, аралдың әртүрлі бөліктеріндегі инфрақұрылым нысандарына зақым келген. Билік өкілдері зардап шеккендердің нақты санын анықтау үстінде. Филиппин Жанартаутану және сейсмология институты мәлім еткендей, жер сілкінісінің магнитудасы 6,6 баллды құрады.


Дереккөз: Inform.kz

29 қазан 2019, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.