Атырау, 5 мамыр 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Месси әлемнің үздік шабуылшысын атады

1 981 просмотра


Каталониялық "Барселонаның" ойыншысы Лионель Месси әлемдегі үздік шабуылшыны атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол бразилиялық атақты футболшы Роналдоны үздік форвард деп деп санайды.

"Роналдо нағыз феномен болды. Ол - мен көрген үздік шабуылшы. Ғажап футболшы болатын", - деді Месси.

Роналдо "Крузейро", голландиялық ПСВ, "Барселона", миландық "Интер", мадридтік "Реал", "Милан" мен "Коринтианс" сапында ойнаған. Бразилия құрамасымен бірге екі рет әлем чемпионы (1994, 2002) атанып, Америка кубогын (1997, 1999) иеленген.

2011 жылы бразилиялық футболшы карьерасын аяқтайтынын хабарлаған. 2018 жылы Роналдо испаниялық "Реал Вальядолид" клубының қожайыны әрі президенті болды.

Дереккөз: Vesti.kz

28 қазан 2019, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.