Атырау, 9 мамыр 06:29
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Камерун жағалауында кепілге алынған ресейлік теңізшілер босады

2 116 просмотра


Африканың теңіз қарақшылары Камерун жағалауынан ұрлап әкеткен Ресей теңізшілерін босатты.

Бұл туралы хабарлаған РИА Новости ресейлік теңізшілерге жұмыс беруші компанияның дерегіне сүйенген. Ақпаратты Ресейдің Камерундағы елшілігі де растаған.

Германияға жеткізілген теңізшілер Ресейге қыркүйектің соңында оралуы мүмкін. Антигуа мен Барбуда туымен жүрген "Мармалайта" жүк кемесі Германия компаниясына тиесілі.

Теңіз қарақшылары "Мармалайтаға" тамыздың 15-іне, түнде Дуала қаласының портында шабуыл жасаған. Кеменің өзін қалдырып, сегіз адамды кепілге алған, оларды босату үшін ақша талап еткен. Оның үшеуі Ресей, төртеуі Филиппин, біреуі Украина азаматы.

Дереккөз: Азаттық радиосы



23 қыркүйек 2019, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.