Атырау, 8 мамыр 23:48
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Путин мен Жээнбеков Орынборда кездесті

2 687 просмотра


20 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин және Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков екіжақты қарым-қатынас және аймақтық интеграция мәселелерін талқылады. Екі басшы ресейдің Орынбор қаласында кездесті.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 20 қыркүйекте журналистерге Путин мен Жээнбековтің "байыпты келіссөз" жүргізгенін хабарлады. Олар Ресей-Қазақстан шекарасына жақын Донгуз полигонындағы әскери жаттығу барысын бақылаған. Оған Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскерилері қатысқан.

"Екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады, аймақтық мәселелер бойынша пікірлерімен алмасты, постсоветтік кеңістіктегі интеграциямен байланысты жайттарды қозғады" деді Песков.

Ресей тарихындағы "ең ірі әскери жаттығулардың бірі" ретінде аталған шараға өзге ел басшылары арасынан тек Жээнбеков қана қатысты.

Мәскеу бұған дейін қыркүйектің 16-21 аралығында өткен "Центр- 2019" әскери жаттығуының мақсаты - терроризммен күрес және "Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету" екенін хабарлаған. Америкалық Jamestown Foundation зерттеу орталығы өз есебінде бұл жаттығу "мемлекетаралық соғысқа дайындық жасау" әрекетіне ұқсас деп сипаттайды.

Сарапшылардың ойынша, Мәскеу осылайша Батыс алдында әскери күш-қуатын көрсеткісі келеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

21 қыркүйек 2019, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.