Атырау, 7 мамыр 06:10
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

АМӨЗ бензин өндіруді уақытша тоқтатты

2 223 просмотра

6-25 қазан аралығында АМӨЗ-де бензин өндіру және жөнелту жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы зауыттың бас инженерінің бірінші орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВ хабарлады.

Бұған 6 қазан күні ЛГ 35-11/300-95 қондырғысының каталитикалық риформинг блогының пешінде орын алған апат себеп болған.

Қондырғы тоқтатылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Р. Бисалиевтің айтуынша, бұл күрделі жөндеу екен, өйткені пеш көп камералы – жарамсыз болған учаскені жөндеу үшін, пешті бұзуға тура келеді.

АМӨЗ Атырау облысында сатылатын бензиннің жартысына жуығын өндіреді. Бұдан басқа, зауыт АИ-80 маркалы жергілікті бензин нарығының бірден-бір жеткізушісі боп табылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қазан 2012, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.