Атырау, 9 мамыр 16:40
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қырғызстанда билікті күшпен басып алуды мақсат тұтқан депутат Тәшиев тұтқындалды

2 038 просмотра

"Фергана" АА алынған фотосурет Қырғызстан парламентінің депутаты Қамшыбек Тәшиев билікті күшпен тартып алу әрекеті  ісі бойынша күдікті ретінде тұтқындалды, деп хабарлайды «24.kg» АА тұтқындалғанның қорғаушысы Икрамидин Айтқұловқа сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, депутатқа әлі айып тағылған жоқ. Ол 48 сағатқа қамауға алынды. 

Бұрын хабарланғандай, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Ата-Жұрт» партиясының көшбасшылары, парламент депутаты Садыр Жапаров пен Қамшыбек Тәшиев жеткізілді.

Еске сала кетсек, таяуда Бішкек қаласында «Құмтор» алтын кен кәсіпорнын ұлттандыру талабымен Садыр Жапаров митинг ұйымдастырды. Акцияға қатысқандар Үкімет Үйінің аумағына кірмекші болғандықтан, милиция оларға қарсы арнайы құралдар қолдануға мәжбүр болады. Қақтығыстан кейін ауруханаларға 12 зардап шеккен адам түсті, олардың қатарында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. 

Дереккөз: bnews.kz

4 қазан 2012, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.