Атырау, 6 мамыр 12:21
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ұлыбритания парламенті Мэйдің Еуроодақтан шығу жоспарын үшінші рет қолдамады

1 447 просмотра


Наурыздың 29-ы күні Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан шығу туралы келісімді мақұлдамады. Бұл - премьер-министр Тереза Мэйдің ұсынған үшінші жоспары. Парламент одан үшінші рет бас тартып отыр. Оған 344 депутат - қарсы, 286 депутат қолдап дауыс берген.

Дауыс беру аяқталған соң Тереза Мэй депутаттардың бұл шешімінің "күрделі салдары" болады деп мәлімдеді.

Енді Ұлыбритания 12-сәуірге дейін Еуроодақ басшылығына одақтан шығу жоспары туралы нақты қадамдарын айтуы тиіс. Мемлекет не Брекзиттен бас тартуы керек немесе Еуроодақтан шешім қабылдау үшін көбірек уақыт сұрауы тиіс немесе одақтан қандай да бір келісім жасамай-ақ шығуы тиіс деп жазды Associated Press агенттігі.

Британ парламентінің депутаттары 1-сәуірге дейін Брекзиттің түрлі нұсқалары бойынша тағы да дауыс береді. Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск кеңестің Брекзитке арналған отырысы Брюссельде 10-сәуірде өтетінін хабарлады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

30 наурыз 2019, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.