Атырау, 9 мамыр 13:14
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мысырдың бұрынғы премьер-министрі абақтыға жабылды

2 232 просмотра

Фото дереккөзі: arms-expo.ruМысыр соты 13-қыркүйекте «заңсыз жолмен байыды» деген айып тағылған бұрынғы ел премьері Ахмед Назифке үкім шығарды, деп хабарлайды Мuslim.kz. 

Сот бұрынғы шенеунікті кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ, жарты миллионға жуық сомада айыппұл салды.

Бұған қоса, Хосни Мүбәрак билік құрған кезде қабылдаған шешімі де оған айып болып тағылды. Сотта белгілі болғандай, қызметін асыра пайдаланған ол заңсыз жолмен мемлекет меншігін өз атына жекешелендіріп, мемлекет қаражатын ысырап еткен.

2011 жылдың қаңтар айында Хосни Мүбәракты тақтан тайдырған революциядан кейін Назиф орнынан кеткен болатын. Мысыр халқы оны бұрынғы президент тұсындағы либералды экономикалық реформаның «сәулетшісі» деп таниды.

Мүбәрак ел басшысы ретінде билікті пайдаланып, жасаған қылмысы үшін өмір бойы түрмеде отыратын болды.

BNews.kz

14 қыркүйек 2012, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.