Атырау, 9 мамыр 12:06
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ресей депутаты Омбы мектептерінде қазақ тілін оқытуды ұсынды

2 708 просмотра

АСТАНА,  12 қыр-Қазақстан жаңалықтары АА.  Ресей Федерациясы кеңесінің депутаты Игорь Зуга Омбы мектептерінде қазақ тілін оқытуды енгізу бастамасын көтерді деп жазады «Экспресс К» газеті.

«"Омбы-мұнайхимжобасының" бұрынғы бас директоры және өңірлік заңнамалық кеңестің бұрынғы депутаты  Игорь Зуга Ресей Федерациясы кеңесінің депутаты болды.Осы лауазымды міндетіндегі оның жасаған мәлімдемелерінің бірі  Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттілігімен байланысты», - делінген мақалада.
 
Игорь  Зуганың айтуынша,  біздің республикамен бизнес-байланыстың орнауына байланысты омбылықтарға екі тілді білу қажет.

«Бізде 100 мың адамнан астам қазақ диаспорасы бар. Біз Кеден одағы, экономикалық ықпалдастық туралы жиі айтып жүрміз. Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Солай бола тұра, бүгінде Омбыда қазақ тілі оқытылмайтыны таңқаларлық. Бірде-бір мектепте қаза тілі пәні жоқ! Қазақстанда қостілділік міндетті болып табылады, ал біз Қазақстанда жобаларды іске асыра отырып, қазақ тілінде құжат рәсімдей алмаймыз», - деп «Экспресс К» газеті депутаттың сөзінен үзінді келтіреді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

13 қыркүйек 2012, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.