Атырау, 26 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Насиха» бомба туралы қоңыраудан соң қаңырап қалды

2 747 просмотра

12 қыркүйек күні Атырау қаласындағы «Насиха» сауда орталығы және оның маңындағы Махамбет көшесінің  бойындағы жол қоршауға алынды. ТЖ қызметінің мәліметтері бойынша, сағат 13.08-де полицияға ғимаратқа мина қойылғандығы туралы қоңырау түскен.

Ғимараттан оған келушілер, сатушылар мен қызмет көрсетуші тұлғалардың барлығы шығарылған. Қоршау жасалған ленталардың арғы жағында жиналған көпшілік тарамай тұр. Адамдар не боп жатқанын біле алмай дал болып, ақпарат күтуде. Өзін таныстырмауды жөн көрген ТЖД қызметкері телефон терроризмі фактісі бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Ғимаратқа жарылғыш құрылғысы қойылғандығы туралы ақпарат әзірге расталмады, бірақ теріске де шығарылған жоқ. Телефон қоңырауынан кейін бір жарым сағат өткен соң Махамбет көшесінің бойындағы 116А-үйдің «Насихаға» жақын бірінші подъезінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіре бастаған. Адамдарға өздерімен бірге тек құжаттарды ғана алып шығуға мүмкіндік беріп, пәтерлерінен шұғыл арада шығарыпты.

Сол жерге шақырылған саперлар жарылыс құрылғысын таппады. Дабыл жалған боп шықты, сағат 16-дан кейін адамдарға «Насиха» ғимаратына және өз пәтерлеріне кіруге рұқсат берілген.  

Ал құқыққорғау органдарындағы біздің дереккөзіміз хабарлағандай, ҰҚКД-не №17 мектеп-лицейінің ғимаратына қойылған жарылғыш құрылғысы туралы қоңырау түсіпті. Ақпарат анықталуда.

Бұдан басқа, полицияға Привокзальныйдағы «Лимон» сауда орталығына барған бір адам мазасыздана қоңырау шалып, ол жерден ішіне әлдене салынған пакет жатқанын көргенін хабарлапты. Жарылыс құрылғысының бар-жоғын анықтауға қатысты тексеру жұмыстары дабылдың жалған екенін көрсеткен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

12 қыркүйек 2012, 19:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.