Атырау, 26 сәуір 07:42
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жарылғыш заттан ажал құшты

2 791 просмотра

Молдағұлова көшесіндегі жарылыс орын алған №94 үйБүгін 5 қыркүйек күні түс әлетінде Атырау қаласының Молдағұлова және Баутин көшелерінің қиылысындағы жеке үйлердің бірінде жарылыс болды.

Біздің тілшілеріміз оқиға орнына келген кезде үйді полицейлер қоршап тұрды, сондай-ақ, ол жерге өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен арнаулы жасақ әскерлері де келіп жеткен. Ресми тұлғалар әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр. Тек ТЖ департаментінің кезекші бөліміне осы мекен-жай бойынша өзін-өзі жарып жіберу жөніндегі қоңыраудың келіп түскендігі  ғана белгілі болып отыр.

Көршілер бір аулада орналасқан үйдегі бөлмелердің жалға берілетіндігін айтты, яғни, жарылыс осы бөлмелердің бірінде болған-мыс.

Журналистер алдына шыққан полиция қызметкері өзін-өзі жарып жіберу оқиғасының орын алғанын және бір адамның қаза болғанын хабарлады. Басқа жапа шеккендер жоқ. Ол ресми ақпараттың кейін берілетіндігін айтты.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА телефон арқылы жарылыстың Молдағұлова көшесі, 94-ші мекен-жайда сағат 13.16-да орын алғандығын хабарлады. Қаза болған адам Атырау қаласының тұрғыны.

Біздің құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздері қаза болған адамның аты-жөнін хабарлады.  Ол 1991 жылы туған Нұрлыбек САҚАУОВ. Оқиға қолдан жасалған жарылғыш қондырғыны абайсызда жарып алу салдарынан орын алған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

 

 

 

 

5 қыркүйек 2012, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.