Атырау, 9 мамыр 16:55
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сағындырған әндер-ай

5 898 просмотра

Алғашқы облыстық «Ретро толқынында» фестивалінің ұйымдастырушылары Атырау тұрғындарына керемет мерекені сыйға тартты. Тамаша ауа-райы, жарасымды компания және өткен жылдардың жүрекке жағымды әуендері. Жексенбілік кеш үшін бұдан артық не керек?

Әйтпесе, фестиваль көрермендері әсерленген сезімді өнердің күші демесе, басқаша қалай деп түсіндіруге болады: тек әндер ғана емес, драма театр төңірегі кенеттен бұрынғы жылдардыњ ізгі фильмдерінің декорациясын еске түсіре кетті. Бірінші қатар кейпіндегі бұрқақ ернеуіне әжейлер мен атайлар жайғасқан, олардың артқы жағында балаларын ерткен отбасылы жұптар тұрды. Бала-шаға басқыш қанаттарына үймелеп қалыпты. Шағын алаңда бір кездері танымал болған «Тақиялы періште» кинофильміндегі «Ана» әнінің сазымен орта жастардағы екі әйел айналып вальс билеп жүр. Кенет жауын тамшылай бастады, алайда көрермендер қолшатырларын жазып жіберіп, оларды әуен ырғағымен айналдыра бастады. Тоқтаңыз! Бұл «Покровские ворота» фильміндегі кадр ғой. Тек айырмашылығы - оқиға Мәскеуде емес, біздің Атырауда болып жатыр. Және сахнадан қазақ композиторлары: Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Ескендір Хасанғалиевтың, Мыңжасар Маңғытаевтың әндері шықалып жатыр...

Сөйтсек, бұл әәндерді аға буын өкілдері ғана емес, олардың балалары да, немерелері де біледі, әрі сүйіп тыңдайды екен. Классикаға айналған ескі шлягерлер жас әншілердің орындауында фестивальдың арнайы қонағы, жерлесіміз, танымал әнші Сенбек Жұмағалиевтың орындауынан кем түспеді.

Ретро бүгінде сәнге айналған, бұған түрлі 80-ші, 90-шы жылдар «Дискотекалары», «Алматы – менің алғашқы махаббатым» фестивалінің жоғары рейтингілері дәлел бола алады. Сондықтан да бізде осындай концерт өткізу идеясына ешкім де таң қалған жоқ.

Фестиваль сәтті өтті, енді ұйымдастырушылар оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Ал бұл бір жылдан кейін әртістер өз көрермендерін сол орында, сол сағатта күтеді деген сөз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қ.ЕЛЕУОВ

29 тамыз 2012, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.