Атырау, 26 сәуір 15:24
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Катамаран мен жүк кемесі соқтығысып, он адам ажал құшты

1 715 просмотра


Бастапқы деректерге сүйенсек, катамаранда 16 адам болған, бесеуі ауруханада жатыр. Ресейдің Волгоград қаласында катамаран мен баржа соқтығысып, салдарынан он адам қаза тапты, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Волга өзенінде Волгоград қаласы жанындағы Голодный аралына жақын маңда, жағалаудан бір шақырымдай жерде катамаран мен екі баржа тіркелген жүк кемесі соқтығысып, катамаран аударылып қалды. Катамаранда кем дегенде 16 адам болған, деп жазады РИА Новости.

"Волгоградта катамаран мен баржа соқтығысып он адам қаза тапты, бесеуі құтқарылды, біреуі әлі табылған жоқ", — делінген ТЖМ хабарламасында.

Үш ер адам мен екі әйел адам ауруханада жатыр. Жағдайлары бір қалыпты.

Волгоград облысы губернаторы Андрей Бочаровтың сөзіне сүйенсек, іздеу-құтқару шаралары барысында қаза тапқан он адам табылды, біреуі жоғалып кеткен, кім екендері анықталып жатыр.

Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 маусым 2018, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.