Атырау, 20 сәуір 09:59
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Менингит: қымбат екпелер кімге қажет

3 188 просмотра


Алматыда менингит ауруы дендеп кетті. Ол жақта ауру жұқтырғандар саны 30-ға жетіп, төрт адам көз жұмды. Бұл Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Ерболат УАЙСОВТЫҢ қатысуымен брифинг өткізуге себеп болды. Оның айтуынша, 2015 жылы Атырауда 9 адам менингитпен науқастанған, соңғы үш жылда ауру тіркелмеген.

- Қазақстанда бұл инфекцияға қарсы тегін вакциналау жүргізілмейді. Қажылыққа баратындарға ақылы түрде егіледі, өйткені Сауд Арабиясында тиісті сертификат талап етеді, - деді Уайсов.

- Біздің облыстағы ахуал қандай?

«АЖ»-ның осы және келесі 3 сұрағына денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Надя ЕРҒАЛИЕВА жауап берді:

- Атырау облысы инфекция ошағы емес. Бірде бір менингит жұқтырған жағдай анықталмады. Бірақ жағдайдың ықтимал өзгеруіне дайынбыз, жұқпалы аурулар ауруханасында осы ауруға шағымданған пациенттер үшін арнайы палаталар ашылған. Дәрі-дәрмектер жеткілікті.

- Диагноз дереу анықтала ма?

- Әдетте сол күні, бірақ толық сенімді болу үшін зертханалық тексеру қажет болуы мүмкін, оған үш күн кетеді. Сырқат анықталса, қарқынды емдеу курсы 14 күнге созылады.

- Алдын-алу тұрғысында тұрғындарға қандай кеңес бересіз?

- Менингит жұқтыру қаупі адамдар көп шоғырланған жерде жоғары болады. Қазір қалай болғанда да көшеге медициналық демпердемен шыққан дұрыс. Жуылмаған жеміс-жидектер пен көкөністерді жеуге болмайды.

- Қоғамдық моншалар мен бассейндерді тексеруді бастадыңыздар ма?

- Атырау – инфекция ошағы емес, сондықтан мұндай тексерулердің қажеті жоқ.

Е. Уайсовқа қойылған «АЖ» сұрақтары:

- Ақылы вакциналау өте қымбат, 35 мың теңге тұрады. Бұл цифрды азайту мүмкіндігі жоқ па?

- Иә, бұл қымбат. Бірақ жағдай жаппай вакциналауды талап етпейді. Бүгінгі күні Атырауда менингит вакцинасының 45 дозасы бар.

- Біз Атырауда инфекцияға қарсы ақылы егетін жалғыз емханаға қоңырау шалдық. Ондағылар вакциналардың тек дүйсенбіде келетінін айтқан еді.

- Бірақ олар бізге есеп берген кезде, өздерінде 45 доза бар екенін айтты.

«AЖ» анықтамасыЕуропа елдерінің үштен екісі менингококк инфекциясына қарсы вакциналайды, бірақ барлық жерде менингококктың барлық түріне екпейді. Ұлыбританияда, АҚШ пен Австралияда негізгі бес түріне қарсы егеді. Биылғы жылдан бастап Ресейде, негізінен Мәскеуде, 5 жасқа дейінгі балаларды вакциналай бастады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор


31 мамыр 2018, 00:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.