Атырау, 25 мамыр 15:59
Кешке ашық+23, түнде +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Жүрегі - қазақ    

8 мамыр 00:52


Ресми деректер бойынша, Ресейдің Астрахан облысында 160 мың этникалық қазақ тұрады екен. Олардың басым бөлігі аудандарда қоныс тепкен. «АЖ» тілшісі көрші елдің осы өңірінде қонақта болып, мұндағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігін көріп қайтты.

ЕДІЛДІҢ БОЙЫНДА

Володар ауданына қарасты Новый Рычан ауылы Астрахан қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан. Мұндағы тұрғындардың көбі - қазақтар. Олардың көпшілігі балық аулап, мал ұстайды. Ауданмен өтіп бара жатып, сап түзеген батареяларды көзіміз шалды. Сұрастыра келе, бір ресейлік компанияның күн сәулесі арқылы электр қуатын өндіріп, алыс-жақын ауылдарға төмен бағада таратып отыр екен.


Көптеген ұлт өкілдері тұратын ауданда жергілікті қазақтар бесікке салу, сырға салу, беташар, құда түсу, той малы жәнетағы басқа қазақтың салт-дәстүрлерін сақтап қалуға тырысып, шұбарлап болса да бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі, «садақа» беріп, туыстарын «көңіл шайға» шақырады екен.

Жергілікті тұрғын, зейнеткер Жағыпар КӨРПЕБАЕВТЫ малды өріске шығарып салып жүрген жерінен жолықтырдым.

- Еділдің жағасында туып, өстік. Бұрын колхоз, совхоздарда жұмыс істедім, зейнеткерлікке шыққасын өзімнің шағын шаруашылығымен айналысамын. Бала кезімізде естігеніміз, арғы атамыз Красный Ярдағы орыстармен бірге қайықпен балық аулаған екен. Қазақтың салт-дәстүрлерін барынша ұстанып келеміз. Сонымен қатар, бес мезгіл намаз оқимын.

Киіз басып, құрақ көрпе жасаумен айналысатын Ақзира АУЕВА ( ісіне қажетті мата мен мақтаны Атыраудан арнайы алдырады екен.

Ақзира АУЕВА


-Әже-аналарымыздан келе жатқан дәстүр бұл. Істі бала кезімнен бері келе жатқан, үлкен әжемнен қалған іс машинасымен тігемін,- дейді Ақзира апа.

Володардағы орталық мешітті көруге Новый Рычаннан 23 шақырым жол жүрдік. Орталық мешіттің найб имамы Ибрагимнің айтуынша, орталық мешіттің пайдалануға берілгеніне 25 жылдан асқан. Мұнда қазақтардан бөлек ислам дінін ұстанатын басқа да ұлт өкілдері келіп, намаз оқиды, садақа береді.

- Ауызбіршілік - басты құндылық,  сондықтан да мешіттің есігі барлығына да ашық, ешкімді дініне немесе ұлтына қарап бөлмейміз. Жұма сайын мешітке 100-ден астам жамағат келеді. Әсіресе, ораза кезінде тарауих намазында немесе Құрбан айт мерекесінде мешіт адамға толады. Ақсақалдар Құран оқиды,- дейді имам. Оның айтуынша, қазір Астрахан облысында 20 шақты мешіт жұмыс жасап тұрса, Володар ауданында бес мешіт бар.

 БІР ОҚУЛЫҚПЕН

Володар ауданы Алтынжар ауылындағы Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесін құру және оны қаржыландыру жұмыстарына Қазақстанның үш облысы (Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау) мен РФ-ның Астрахань облысы үлес қосқан екен. Кесенеге жақын жерде «Құрманғазы атындағы мәдени орта­лық» қоры бар. Жыл сайын мұнда қазақтардың тарихы мен дәстүрін тану үшін мыңдаған турист келеді екен.


- Қазақтар көнеден мал ұстаумен айналысқан. Кейін балық аулауды үйренген. «Орыс халқымен достасу керек» деген Әбілхайыр хан сөзін мұндағы қазақтар ұстанып, достықта өмір сүріп келеді.,- дейді аға ғылыми қызметкері Жұмағыз ИМАНБАЕВА.

Алтынжар ауылындағы Құрманғазы есімі берілген мектепте қазақ балаларының қалай білім алып жатқаны туралы білу бізге қызық болды.

Роберт НАЖМЕТДИНОВ


Мектеп директорының орынбасары Роберт НАЖМЕТДИНОВТЫҢ айтуынша, облыстағы қазақ мектептері түгелдей дерлік жабылған. Ауданда «қазақ тілі» пәнін оқытатын 4-5 мектеп қана қалған. 250-ге жуық қазақ балалары білім алатын Құрманғазы мектебінде бұл пән аптасына бір рет факультатив түрінде жүреді. Директордың орынбасары оның себебін бес күндік оқу жүйесіне көшкендіктен, оқу бағдарламасына сыймай қалған. Алайда, мәселе тек онда ғана емес.

- Ана тілін, тарихын, салт-дәстүрін ұмытпасын деп оқушыларға қазақ тілін оқытуды барынша жалғастырып келеміз. Пән 2-9 сынып оқушыларына аптасына бір сағат  факультативтік сабақ түрде өткізіледі. Қиындығы сол - бізде оқулықтар аз. Қазақстаннан келетін делегациялардан оқулықтармен қамтамасыз ету жөнінде бірнеше рет көмек сұрап келеміз. Әзірге мәселе шешілген жоқ.

Мектептен қазақ тілінде сөйлейтін қазақ баласын таппадық. Олар өз ойларын тек орыс тілінде жеткізді.

-Менің ұлтым қазақ. Мен өз тілімде білім алғым келеді. Бірақ, біздің мектепте қазақ тілі оқулықтары жоқ. Сол себепті бізге оқулықтағыны оқып береді, ал біз оны дәптерімізге жазып аламыз,- дейді 6-сынып оқушысы Алма КАБДЕЛОВА.

 КІММЕН ДОС БОЛАМЫЗ?

Ағайынды Радмир, Рустам КЕРТАЕВТАР Володар ауданы, Новый Рычан ауылында тұрады. Олар Қазақстанда тұрып жатқан балалармен араласуды армандайды екен. Тілі орысша болса да, жүрегі қазақ деп соққандай.

- Ұлтымыздың салт-дәстүрін жақсы көреміз. Әрине, Қазақстанда тұрып жатқан балалардың өмірі бізге қызық. Біз олармен жақын танысқымыз келеді.


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

583 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Гоаның ғажайыптары  1892 рет қаралды

Түмен қазақтары - Таскулиндер отбасы  2197 рет қаралды

Қытайдан келген қазақ жастары  2006 рет қаралды

Миландық катер мен бір үйдің құпиялары  8792 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8 9