Атырау, 29 наурыз 11:33
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Олимпиадашылармен бірге өткен велошеру

Сурет Бейнежазба
3 493 просмотра


Бүгін таңертең Драма театры алдындағы алаңда белгіленген уақытта «Bike Ride Atyrau-2018» қайырымдылық велошеруі басталды. Акцияға 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Илья ИЛЬИН мен Александр ВИНОКУРОВ та бар.

- Менің жеке велосипедім жоқ, бірақ жарысқа қатысқым келді. Оны жалға алдым, қазір кері тапсырамын. Бүгінгі күнді керемет өткіздім! – дейді қатысушы Альфия күлімсіреп.

Естеріңізге салсақ, қалада велошеруге қатысты кей көшелерде көлік қозғалысы бірнеше сағатқа жабылған еді.

- Біз үшін осындай ыңғайсыздықтарға қарамастан, мұндай іс-шаралар мүмкіндігінше жиі өткізілуі тиіс. Ал азық-түліктер алуға жаяу барамын, - деп күледі жүргізуші Шафхат.

Велосипедшілер облыс әкімдігінің жанында мәреге жетіп, жеңімпаздар 5 номинация бойынша анықталды. 4 жасар Айя САЛАМАТ «Ең жас қатысушы», ал 66 жастағы Ғимран АҚБОТИН - «Ең ересек қатысушы» атанды. «Спорттық отбасы» номинациясында БИСАЛИЕВТАР жеңіп шықты. «Ең креативті костюм» - Марат НАУРЫЗҒАЛИЕВТЫҢ, «Ең креативті велосипед» - Бағытжан ШАЙХИЕВТЫҢ еншісінде. Бәріне де сыйлық ретінде осындай екі доңғалақты көлік тарту етілді.

Марапаттау рәсімінен кейін сол алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт басталды. Ал кешкісін жобаға қолдау көрсету үшін ұшып келген астаналық «Astana Pro Team» командасының коллекциялық 4 велосипеді мен аксессуарлары ойналатын қайырымдылық аукционы өтеді.


Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

30 сәуір 2018, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.