Атырау, 9 мамыр 04:39
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​АҚШ-та мұғалімдер ереуілге шықты

2 381 просмотра


Колорадо және Аризона штаттарында мыңдаған мұғалім көшеге шығып, мемлекеттік мектептердің қаржыландыруды арттыруды талап етті. 

Сондай-ақ шерушілер ұстаздардың жалақысын 20 пайызға көтеруді сұраған. Колорадо АҚШ-тағы ең қарқынды дамып жатқан штаттардың бірі болғанына қарамастан, мұнда бір оқушыға шаққанда ел бойынша орта көрсеткіштен 3 мың долларға аз қаржы бөлінеді.  

Ал Аризондағы бұл шеру штат тарихындағы ең ірі наразылық шарасы. Ереуілдің кесірінен кейбір мектептерде сабақ болған жоқ. Еске сала кетейік, осыған дейін тап осындай шерулер Батыс Вирджиния, Оклахома және Кентукки штаттарында өткен.

Дереккөз: 24.kz

28 сәуір 2018, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.