Атырау, 8 мамыр 23:56
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«”Назарбаев кеткен күні…”», «Транзит мәселесінде қоғам әлі өз шешімін айтқан жоқ», «Жерге қатысты заңда толқу талабы орындалды ма?», «”Көсемсіген” журналист кімге керек?», «Олигархтардың күні өтті ме?», «Бейбарыс сұлтан билеген ел».

2 786 просмотра

AZATTYQ.ORG. «”Үшқоңыр” автовокзалындағы дау басылмай тұр» - Алматыға оңтүстік аймақтардан келетін автобустардың иелері қала шетіндегі «Үшқоңыр» автовокзалына «жасыл киімдегілер» күштеп кіргізеді деп шағымданады. Автовокзал басшылығы олардың сөзін жоққа шығарады. Бұл мәселені сенат депутаты Үкіметке сауал ретінде жолдады.

«Жерге қатысты заңда толқу талабы орындалды ма?» - Сенат мақұлдаған заң жобасына 2016 жылғы көктемдегі халық толқуынан кейін құрылған жер комиссиясы қараған мәселелер енгізілді. Дегенмен сарапшылар толқу кезіндегі негізгі талаптар заңға қамтылмады деп есептейді.

«Cириядағы химиялық шабуылды тексеру кешеуілдеп жатыр» - Сәуірдің 18-і күні Химиялық қаруға тыйым салу халықаралық ұйымы инспекторлары Сирия астанасы Дамаск түбіндегі 7 сәуір күні химиялық шабуыл жасалды деп болжанатын Дума қаласына кіре алмады. Ал сириялық "Ақ каска" ұйымы химиялық шабуылдан 46-дан 70-ке дейін адам мерт болып, жүздеген адам зардап шекті деп мәлімдеді.

TURKYSTAN.KZ. «”Көсемсіген” журналист кімге керек?» - Журналист – қоғамның үні, қоғамның ұяты. Бірақ кейбір елдерде белгілі журналистер биліктің жандайшабы болуды мәртебе санайды. Бұл – Ресейдің белгілі журналисі Ирина Петровскаяның көзқарасы, ұстанымы. Ойы ұшқыр, тілі өткір Ирина Петровская «Телегерой безгеройного времени» циклды мақалаларында азаматтық ұстанымнан ада журналистерді, әсіресе, Ресей ресми телеарналарының жүргізушілерін талай түйреп өткен. Владимир Соловьевтің де «сыбағасын» талай берген. Бірақ Ресей билігінің сөзін сөйлеуден танбайтын, кеудесін өктемдік пен өзімбілермендік буған Соловьевтің аузына әзірге қақпақ болмай тұр.

«Бейбарыс сұлтан билеген ел» - Түркияға барған сапарымда Сирия босқындары паналаған «Низип-2» лагеріне арнайы бас сұғып, қуықтай бөлмеде үш-төрт баласымен тіршілік кешіп жатқан жандардың тұрмысымен танысқан едім. Қолына бір жапырақ нан ұстаған жалаңаяқ балалардың жанарына ұялаған мұңды  көргенде, жүрегім сыздаған.

«Олигархтардың күні өтті ме?» - Жуырда АҚШ-тың қаржы министрлігі ресейлік 8 олигарх, 17 мемлекеттік шенеунік және 14 заңды тұлғаға қарсы санкция жариялады.

DALANEWS.KZ.  «”Назарбаев кеткен күні…”» - Досым Сәтпаев билік ауысқанда не болатынын айтты. «Төрт жылды толды бұл одақтың құрылғанына. Опа тапқанымыз шамалы. Ресей ауруынан да, әдетінен де айырылмады. Аға болғысы келеді. Айтқаныммен жүрсе екен дейді. «Еуразиялық одақтан» еш пайда болмасы әуелден белгілі еді…».

QAZAQTIMES.COM. «Трамп үкіметі Шынжаң мәселесіне араласуы мүмкін» - АҚШ Мемлекеттік департаменті кеше, Қытайдың Шынжаң жеріндегі адам құқығы мәселесінің нашарлауына байланысты, АҚШ үкіметі «2016 жылғы әлемдік Магритзи актісін» пайдаланып, Қытайдың лауазымды тұлғаларынан жауап сұрауы мүмкін екенін мәлімдеді. 

«Транзит мәселесінде қоғам әлі өз шешімін айтқан жоқ» -  «Қазақстан болашақта қандай болу керек?» деп, халықтың, азаматтар мен саясаткерлердің алдына сұрақ қою кезеңі келді. Жуық бес-алты жыл ішінде ағамыз кетеді деп ойламаймын. Ол кісі, денсаулық берсе, 10–20 жылдай, тіпті өле-өлгенше кетпейтіні айдан анық. Бірақ осы сұрақ арқылы қоғамды оятуға болады. 

AIKYN.KZ. «Аймақтағы қос локомотив – Қазақстан мен Өзбекстанды қандай өзгерістер күтіп тұр?» - Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы байланыс қатып қалған қағидалардан арыла бастады. Биыл «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» деп жариялануы да – сол жылымықтың бір көрінісі. 


20 сәуір 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.