Атырау, 17 желтоқсан 07:47
 ашықВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Ластану себебін анықтайды

3 511 рет қаралды

Көрнекі сурет

Сәуірдің 1-не қараған түні Атыраудағы бірнеше ауданда, соның ішінде, Нұрсая мен Балауса ықшам аудандарында ауадан шірік жұмыртқаның иісі қатты шығып тұрды. Сәл кейінірек «Қазгидромет» 1-2 сәуірде №6 автоматтандырылған мониторинг станциясында ауаның 9 жоғары және 2 төтенше жоғары күкіртсутегімен ластану жағдайлары тіркелгені туралы мәліметті жариялады.

- Облыстық әкімдік бізге ластану себебін қысқа мерзімде анықтауды тапсырды. Ол үшін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, біздің департаменттің, сондай-ақ, Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметкерлерінен топ құрылды, - дейді Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Қайратқали ҚАЙРОЛЛА. – Бұдан басқа, 2 сәуірде сағат 12-де өткен жылдың аяғында Сасықсайдан «Атырау су арнасы» балансына алынған №14 кәріз желісі бойынан біздің аспаптарымыз күкіртсутек бойынша 21 есе ШРК асқандығын анықтады.

- Менің білуімше, сіздер сатып алған аспаптар әзірге аттестаттаудан өтіп жатыр ғой.

- Аттестациядан өткен аспаптар сотта дәлел ретінде ұсыну үшін қажет. Біз әзірге соттасып жатқан жоқпыз, тек ауаның ластануын анықтаймыз. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

5 сәуір 2018, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.