Атырау, 5 мамыр 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шуақ күн, таза ауа, Наурыз көже...

Сурет Бейнежазба
5 504 просмотра

16 наурызда Атыраудағы Ретро саябақта Көрісу мейрамына орай «Kazakh Party» деп аталатын шара өтті. Саябаққа киіз үйлер тігіліп, қонақтар наурыз көжеден, бауырсақ пен құрттан дәм ауыз тиді.

Кілем үстінде қазақ күресінің палуандары күш сынасты. Олардың арасында «Қазақстан барысының» финалисі Сұңғат ЗАКАРИЯЕВ та болды. Ниет білдірушілер арқан тартыс, кір тасын көтеру бойынша сайысқа түсті. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Серік ҚАДЫРОВ, Атырау қаласындағы жастар ресурстық орталығының басшысы:

- Бүгінгі іс-шараның мақсаты – ұлттық Көрісу және Наурыз мейрамдарын насихаттау. Біз бұл жерге көптеген қала тұрғындарын жинағанымызға қуаныштымыз. Наурыз - бақыт мерекесі, жаңа жыл басы, баршаңызды құттықтаймын!

Қонақтардың арасында екі қытайлық азамат та болды. Лю ДЖЕНГ, Пекиннен келген турист:

- Мейраммен құттықтаймын. Бұл күні барша жан бақытты көрінеді, түрлі дәмнен ауыз тиеді.

- Сізге наурыз көже ұнады ма?

- Delicious (дәмді)!


Фархат ӘБІЛОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

18 наурыз 2018, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.