Атырау, 26 қараша 09:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жеңуге болмайды, күресу керек

Сурет Бейнежазба
5 255 просмотра


16 наурызда Атырау облыстық мәслихатының XXI сессиясы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА 2018 жылға арналған бюджетті нақтылау туралы баяндама жасады.

- Өткен жылдан 7 миллиард теңге игерілмей, олар биылғы жылға қалдырылды. 2017 жылы жергілікті бюджет 192 миллиард теңгені құрады. Биылғы 170 миллиард теңге жоспармен екі айдың қорытындысы бойынша қолайлы қаржылық жағдай қалыптасуда, сондықтан бюджет шығындарын көбейтуді ұсынамын, - деді А. Әжіғалиева.


Білім беру саласына, атап айтқанда, Индер ауданы Бөдене, Қызылқоға ауданы Қарабау және Сағыз ауылдарындағы балабақшалардың, сондай-ақ, Құрманғазы ауданындағы Приморье және Кызылоба ауылдарындағы мектептер құрылысын жалғастыруға 2,5 млрд теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау саласына, атап айтқанда, облыстық кардиологиялық орталықты қайта жарақтауға және Нұрсая ықшам ауданындағы №19 тұрғын үйдің ірге қабатын жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясына қайта жарақтау жұмыстарын жалғастыруға - 950 млн теңге.

Келесі қысқы маусымға дайындалуға, әлеуметтік қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторларын коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге бөлінді.


Махамбет ауылында 60 пәтерлі үйдің құрылысы және Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон және Болашақ елді мекендерін сумен қамту нысандарын салу жалғасады. Келесі бағыттар бойынша газ құбырлары салынатын болады: Ақкөл - Дәшін, Жыланды - Құрманғазы ауданындағы Д.Нұрпейісова; Жайық өзені арқылы Еркінқала – Дамба және Мостовой жырасы бойымен Сәтпаев даңғылы – Еркінқала; Индербор кентінде Құбашев көшесінің бойымен; Махамбет ауданындағы Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара ауылдарында. Балықшы кентін ЖЭО жылу жүйесіне қосуға - 800 млн.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА


2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық бағдарламаның аралық қорытындылары туралы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА баяндама жасады. Оның айтуынша, айтарлықтай жетістікке қол жеткізілген: сырқат деңгейі 4,7% -ға төмендеген.

Әрі қарай, сұрақтар мен ұсыныстар айтып, депутаттар сөз сөйледі.

Әділ ЖҰБАНОВ:

- Махамбет ауданында туберкулезге қарсы база тоқтап тұр, ол жерде бұрын көптеген науқастар емделіп, шұбат ішетін. Оны қайтадан іске қосу керек.

Аймұрзиева:

- Бізде облыстық стационарда 310 керует бар, оның 200-ге жуығы бос емес. Егер туберкулездің алуан түрімен ауыратын науқастарды бір стационарға жинаса, олар ұзақ уақыт байланыста болған кезде бір біріне ауру жұқтырады, сөйтіп бізде сырқат деңгейі бірнеше есеге көбейіп кетеді. Көпшілігіне амбулаториялық ем алу жеткілікті.

Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ:

- Сіздер жетістікке жете алмайсыздар деп ойлаймын, себебі әуел бастан туберкулезді 100% жеңеміз деген мақсат қойған жоқсыздар.

Облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН облыстық денсаулық сақтау басқармасына жақтасып, тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да бірінші кезеңде туберкулезді толықтай жоюды мақсат етпейтінін, оның мүмкін еместігін, ілгерілеуге күш салу керек екенін айтты.

Әлия БЕКҚОЖИЕВА гастарбайтерлерге флюорографиялық тексеру жүргізуді ұсынды, мүмкін, бәленің түбі сонда шығар.

Бұл тақырып бойынша, тіпті, үлкен залдың түкпірінде отырған аудандық мәслихаттардың хатшылары да сөз сөйледі. Бұл пікірталасты облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ тоқтатып, сәуір айында Атырауда ғылыми конференция ұйымдастырылатынын, онда ғалымдар біздің аймақтағы ауру-сырқаудың көп болу себебі неде деген сұраққа жауап беруге тырысатын хабарлады.

Содан кейін, депутаттар Жұмыскер және Балықшы ауылдық округтерін таратуды (енді Ақжайық, Водников, Құрсай, Көкарна, Жұмыскер және Рембаз ауылдары Атырау қаласына тікелей бағынатын болады), сондай-ақ, аудан орталығы Ганюшкинді Құрманғазы деп қайта атауды бірауыздан қолдады.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

17 наурыз 2018, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.