Атырау, 20 сәуір 16:54
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Есік алдындағы есірткі

Сурет Бейнежазба
5 493 просмотра


Атырауда Привокзальный ықшамауданы Баймұханов көшесінің бойындағы үйлердің бірінде тұрғындар өз подъездерінде әр түн сайын қойылым тамашалайды. Бесінші қабаттағы пәтерде тұрақты клиенттерін есірткі заттармен қамтамасыз ететін «дүкен» жұмыс істейді. Ал әлгілер төменгі бір-екі қабат төмен түсіп, сатып алған «ләззаттарын» татуға кіріседі.

Бұл жағдайдың орын алғанына бір жылдай уақыт болған. Клиенттердің негізгі ағыны кешкі сағат сегізден түн ортасына дейін байқалады. Бастапқыда топырлаған дыбыстар мен қатты дауыстар естілсе, біраз уақыт өткеннен кейін көршілер подъезден шприцтер, шашылған таблеткалар мен олардың қораптарын тауып ала бастаған.

- Мен көбінесе іссапарда боламын, сондықтан жұбайым қорқып, біреу есік тұтқасын тағы да тартты деп қоңырау шалады. Балалар да түнде ұйықтамайды, есік сыртында біреулердің жүргенін естиді, - дейді тұрғындардың бірі.

Үшінші қабатта баспалдақ алаңындағы көршілер өз бастамаларымен қарапайым веб-камера орнатқан, алайда есірткі майданына қатысушылар дұрыс байқалмаған. Анағұрлым салмақты жабдықтар сатып алғаннан кейін ғана шақырылмаған қонақтардың не істеп жатқанын көрген: олар түсініксіз таблеткаларды қолданып, мұрындарына тамшылар тамызып, өздеріне ине салады екен. Камераға түсіп қалған ең сұмдық көрініс – ер адамның бейнекамерадан қысылмастан шалбарын түсіріп жіберіп, шабына ине салған.

Мазасызданған тұрғындар полицияға жүгінген, бірақ оларға 10 ақпанда келген учаскелік инспектор нашақорлар қалдырған шприцтерді жинап, шағымдарды қабылдап, алды-артына қарамай кетіп қалған.

- Содан кейін осы пәтердегі қожайын әйелмен әңгімелесемін деп тағы бір полиция қызметкері келді. Ол әйелдің бәрін жоққа шығарғанын айтты. Бұдан басқа ештеңе жасамады. Ал нашақорлар әлі күнге дейін осында келеді, - дейді бір әйел.

Бұған «AЖ» тілшілерінің де көздері жетті - барлық қабатта қолданылған шприцтер мен көз тамшыларының бос құтылары шашылып жатыр, олардың атауларын айтпаған дұрыс болар. Фармацевтер мұндай тамшылардың кейбірі дәрігердің рецептінсіз сатылмайтынын біледі. Бейнежазбаға сүйенсек, бұл тамшыларды нашақорлар мұрындарына тамызып, тамырларына салады екен.



Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген Марат ТАКУЛИН. Бейнежазба жолданған

23 ақпан 2018, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.