Атырау, 26 сәуір 15:23
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 828 просмотра

КҮРЕС


Атырауда белдесіп күресуден ересектер мен жастар арасындағы ел чемпионатына іріктеу үшін облыстық чемпионат өтті. 
Сайысқа 80-нен астам палуан қатысты. ҚР чемпионатына: жастар арасында – 57 келіге дейінгі салмақта - Алтынбек Серіков, 62 келіге дейін - Нұрдәулет Нұрмұхамбетов, 68 келіге дейін - Ғазиз Айбар, 75 келіге дейін - Майдан Батанов, 82 келіге дейін - Нұрсұлтан Әбуов, 90 келіге дейін - Бауыржан Сәрсенбай, 100 келіге дейін - Таукен Расул және +100 келі салмақта Байғабыл Нұржасар; ересектер арасында - 62 келіге дейінгі салмақта - Ринат Қабылов, 68 келіге дейін - Нұрболат Ізімғалиев, 75 келіге дейін - Сағат Ғазимов, 82 келіге дейін – Мұхамедәли Самиғоллаев, 90 келіге дейін - Айбек Ахметов, 100 келіге дейін - Наурызбек Өтеуов және +100 келі - Берік Өткелбаев жолдама алды.

***


ТАЭКВОНДО

Стамбулда юниорлар арасында 6-шы Ашық Еуропа чемпионаты өтті. 

Атырау облысының өкілдері арасынан Мерген Ғаниев пен Жадыра Хайруллинаға күміс жүлде бұйырды.

***

ДЗЮДО


Ақтауда 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты өтті. Атыраулық Рахмет Махамбет - күміс алқа, Бекзат Шағатаев қола алқа иеленді. Екі спортшы да Антальяда өтетін Еуропа Кубогына жолдама алды. Спортшыларды бапкерлер Б. Жұмабаев, Е. Шынтасов және Н. Ешибаев дайындады.

***

ОҚ АТУ

Павлодарда мүгедектер арасында оқ ату спорты бойынша ҚР чемпионаты өтті.
Атырау командасы ойдағыдай өнер көрсетті. Биғайша Маxаева тапаншадан оқ ату бойынша ел Чемпионы атанса, Манас Қожасов винтовкадан ату бойынша қола алқа иеленді.




15 ақпан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.