Атырау, 22 маусым 08:48
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

«Президент "жаппай талан-тараж" жайлы айтып, үкіметті сынады», «Саяси алаң бар, саяси партия қайда?», «Жаңа министр жұрт жадындағы жағымсыз бейнесін өзгерте ала ма?», «Исекешев – чемпион!», «Әлиевтің “аяқталмаған әні”»,«А.Сарым. Аға, Әлі сенгім келмейді».

12 ақпан 10:02

AZATTYQ.ORG. «Президент "жаппай талан-тараж" жайлы айтып, үкіметті сынады» - Астанада Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысына президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, үкімет жұмысын тағы да үйреншікті түрде сынға алды.

«Назарбаевты мақтағаны үшін Трамп сынға ұшырады» - Америкалық Washington Post газеті АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ астанасында әскери парад өткізу ұсынысын сынау күшейіп бара жатқаны туралы жазған саяси шолушы Макс Буттың "Америка Трамптың тегеуірініне қарсылық білдіріп жатыр. Тек ұрынып қалмаңдар" мақаласын жариялады. "Трамп "авторитарлы тұлға» деген ұғымға сай" деп санайды Макс Бут.

«Желіде талқыланған Иранның 39 жылдық бейнесі» - Билік ислам революциясының 39 жылдығын мерекелеп жатқанда ирандықтар әлеуметтік желі арқылы төңкерісте неден ұтып, неден ұтылғанын талқылады.

ZHASALASH.KZ. «Монархия малтасын езгісі келетіндер әлі де бар» - Елімізде саяси ода деген қиын жанрға қаймықпастан қалам тартып, сарай поэзиясының ішкі заңдылықтарын сұмдық меңгерген, алдынан дау, аузынан сөз кетпейтін бір ақын пайда болыпты.

«Саяси алаң бар, саяси партия қайда?» - Сырым Әбдірахманов есімді қоғамдық белсенді «Алаш» Халықтық Социал-Демократиялық партиясын құрамын деген мәлімдеме жасағалы біраз уақыт болып қалды. «Алаш» брендін пайдаланып, партия құруға талпыну оқиғасы тәуелсіз Қазақстанда осымен екінші рет болып отыр. Бұған дейін «Азат» қоғамдық қозғалысынан бөлініп шыққан белгілі қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Сәбетқазы Ақатай марқұм осы атаумен ұлттық-демократиялық партия құруға ниеттенгені мәлім. Алайда, ол «Алаш» ресми тіркеуден өтпеді.

QAMSHY.KZ. «Жаңа министр жұрт жадындағы жағымсыз бейнесін өзгерте ала ма?» - Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген жиынындағы басты жаңалық - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жаңарғанын білесіз. Тамара Дүйсенованың орнына одан гөрі әлдеқайда жастау, қырықтың қырқасына жаңа шыққан Мәдина Әбілқасымова тағайындалды. 

JASQAZAQ.KZ. «Дос Көшім: Тыйым салу – дәрменсіздіктің белгісі» - Қазақ елі 1992 жылы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылдап, 70 пайыздан асқан мұсылман қауымын ондаған адамы бар діни бірлестіктермен теңестіріп, сан түрлі сектаға есікті айқара ашып берді. Діни мәселе ушығып кеткенде, 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қоғамдағы көбейіп келе жатқан деструктивті діни ағымның идеологиясын қарсы насихат жұмысын жүргізудің орнына намазды қай жерде оқуға болмайтынын, сектаның насихат жұмысын қалай өткізе алатындығын және олардың тіркелуі үшін қажетті адамдардың санын көбейтумен шектелді.

QAZAQTIMES.COM. «Президенттердің жалақысы қандай?» - Қоғамда өзгенің жалақысына деген қызығушылық бұрыннан болған және бола беретін сияқты. Бірақ жалақысы жайлы тіпті жақындарың мен бұрыннан келе жатқан әріптестерің де ашылып ешнәрсе айтқысы келмейді. Ал президенттер мен премьер-министрлардың жалақылары жайлы ақпарат құпия емес. Рaywizard.org ақпаратына сүйене, әлем елдері президенттерінің еңбекақылары көрсетілген тізімді (өсу ретімен) ұсынамыз. 

ABAI.KZ. «Айдос Сарым. Аға, Әлі сенгім келмейді...» - Аға, Алтеке, Алтынбек аға... Он екі жыл өтіпті. Бір мүшел! Кім сенеді? Қарап отырсам, өзіңіз туралы мардымды естелік жаза алмаппын. Талай талпынып та едім. Жыл сайын, қыста, күзде, жылына кемі екі рет сұхбат беріп, дәстүрлі жиындарда сөз сөйлегенім болмаса, өзіңіз туралы арнайылап естелік жазбаппын, аға. Өйткені сенбедім. Әлі де сенер емеспін. Өзіңіз үйреткен жоқ па едіңіз: көзің жетіп, дәлелің жоқ нәрсеге қатысты қолыңа қалам алма деп?! Дүниеде, қанша есейсем де, екі адамның өлімін қабылдай алмай келеді екенмін. Бірі – марқұм Зәуреш шешем, екіншісі – өзіңіз. Естелік жазатын уақыты келер деп сенемін. Әзірге, өзіңіз туралы он екі естелік. Өзіңізсіз өткен он екі жылға бір-бір үзік ой. Еркелігімді де көтеретін едіңіз, тентектігімді де талай кештіңіз, бұныма да айып етпессіз, аға...

«Министр Біртановпен сұхбат. «Дымбілмес» дәрігерлер неге жазаланбауы керек?» - «Ақжол» Демократиялық партиясының ұйытқы болуымен Астанада ашық дискуссия форматындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мырза жүргізіп, жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мырза мен Мәжілістегі «Ақжол» партиясының фракциясы толық қатысты. Ондағы әңгімеге қазіргі Қазақстан медицинасындағы қолға алынып жатқан жаңа бастамалар, реформалар мен осы уақытқа дейінгі атқарылған шаруалар арқау болды. Ал дөңгелек үстел аяқталған соң министр мырзамен жеке сұхбат құрудың сәті түсті.

«Полковник - Бауыржан Нөгербек» - Соғыстан кейін бұл есім көп болды. Жұрт біткеннің барлығы ұлды болса – Бауыржандай батыр, Бауыржандай ержүрек, даңқты... аты аңызға айналған қаһарман болса екен деген... Шүкір бүгінде ел ішінде Бауыржандар баршылық... Рамазан да шақалағының атын ырымдап Бауыржан деп атаған...

RATEL.KZ. «Исекешев – чемпион!» - Шененуіктер қымбат көлікпен жүру үшін халық қалтасынан қанша ақша қағылады.Президент өзінің тапсырмаларында бірнеше рет мемлекеттік мекемелердің басшыларына бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында шетелдік қымбат авто көліктерді сатып алмау туралы нұсқаулар берген.

«Түленнің түртпегі» - Бүгіннің қаһарманы Гүлжана ҚАРАҒҰСОВА апайымыз екен. Министр кезінде: Бір сиыр, 5-6 тауығы бар адамға атаулы әлеуметтік көмек берілмейді, – деп сиырдың желінін қарап, тауықтың жұмыртқасын санап, елдің есін шығарған Қарақұсованың аяқ-асты оянғанына қайран қалдым?!

SERKE.ORG. «Әлиевтің “аяқталмаған әні”» - Жақында  Қорғаныс министрлігінің Әскери полициясы бас басқармасының бастығы полковник Тілеухан Басхожаев қызметінен босатылды, оны резервке жіберді. Бұл басқарманың басшысы тікелей Қорғаныс министріне есеп береді, әскери полиция  - Қазақстан қарулы күштерінің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Мұндай қызметтен Тілеухан Басхожаевтың шеттетілуі бекер емес.


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

913 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5 6