Атырау, 29 наурыз 18:23
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Алым төле де, ауыр жүк таси бер"

Сурет Бейнежазба
6 405 просмотра

«АЖ» тілшісі облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен Атырау-Индер трассасына рейдке шықты.

Бүгінде көліктік бақылау инспекторлары екі «Hyundai» маркалы жылжымалы көліктік бақылау бекетімен Атырау қаласы және Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Орал-Атырау, Доссор-Құлсары-Маңғыстау республикалық маңызы бар трассаларда жұмыс жасайды.

- Тұрғындар арасында ауыр жүк тиеген көлікті көрсе, «артық салмақ тиеп бара жатыр, бақылау жоқ» дегенді айтады. Бірақ, сырт көзге солай көрінгенімен, көлікті автотаразыға салып өлшегенде, олардың салмақтық параметрлері межеленген деңгейден аспайтын да фактілер болады,- дейді инспекциясының жетекші маманы Батырбек ШЕРКЕШБАЕВ. Тексеру кезінде алдымен ауыр жүк тасымалдаушының жүкқұжатына мән береді.Өйткені, олардың кейбірі артық салмақты тиегені үшін алдын-ала алым төлеп, арнайы рұқсат қағазын алған болуы мүмкін. Ондай жағдайда ол құқық бұзушылыққа жатпайды.

Бұл күні инспекторлар Атырау-Индер тас жолының 30-шақырымында тұрды. Түс ауғанда Индер бағытынан келе жатқан, артындағы екі тіркемесіне құрылыс құмын (ПГС) тиеген КамАЗ көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушінің тауарға қажетті жүкқұжаттары, техникалық паспорты түгел болды. Енді көліктің салмақтық параметрін арнайы автотаразыға өлшеу керек. Тас жол бойында өзге көліктерге кедергі келтірмеу үшін тегіс жол іздеп, қалаға жақын жердегі сауда үйінің маңына келдік. Өлшеу кезінде түбіртек КамАЗ-дың 1 тонна 280 кг салмақты артық тиеп келетінін көрсетті. Жүргізушіге 48 мың 100 теңге айыппұл салынып, жүріп өткен жолы үшін 3439 теңге алым сомасына хаттама толтырылды.

Осы кезде нысан күзетшісі келіп, тез арада бұл жерден кетуімізді талап етті. Инспекторлардың айтуынша, осындай күнделікті қызметі барысында қиындықтары да бар екен. Облыс бойынша еш жерде салмақтық параметрді өлшейтін арнайы алаңдар қарастырылмаған. Олар көбіне көлікті өлшеу үшән жол бойындағы жүргізушілердің демалуына арналған тұрақтарды пайдаланады. Атырау-Индер трассасында мұндай бес тұрақ бар.  

Облыстық инспекцияның автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Әнуар БИСАЛИЕВТІҢ сөзінше, қазіргі уақытта комитетке Астрахань-Ақтөбе-Атырау тас жолының құрылысына байланысты қажет жерлерге арнайы алаңдарды көбейту туралы ұсыныс дайындалуда. Ұсыныста Атырау-Орал тас жолы да бар.


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Суреттер мен видеоны түсірген автор

7 ақпан 2018, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.