Атырау, 26 сәуір 09:53
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қозғалтқыш ұшу алдында істен шықты

2 964 просмотра

Көрнекі сурет. Фото: nikk.kz

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 31 қаңтарда жергілікті сағат 20.35-де «Эйр Астана» әуе компаниясының Атырау-Алматы бағытындағы KS-886 рейсін орындауға дайындалған Airbus A320 ұшағы оң жақ қозғалтқыштағы ақаулық салдарынан ұша алмай қалды.

129 жолаушысы бар ұшақ 15 минут бойы ұшу-қону жолағында тұрып, тұраққа  қайта оралды. Түнгі  сағат 3-те Ақтаудан ұшып келген Boeing-757 ұшағы 93 жолаушыны алып кетті, қалған 36 жолаушы «Сұңқар» қонақ үйінде қалып, кесте бойынша келесі жоспарлы рейсті күтуді жөн көрді.

Естеріңізге салсақ, бұл мұнайлы астанада қаңтар айында орын алып отырған осы әуе компаниясының Airbus A320 ұшақтарына қатысты екінші штаттан тыс жағдай

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 ақпан 2018, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.