Атырау, 21 қыркүйек 03:06
 дождьВ Атырау +19.3
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Дабылы іске қосылған ұшақ Атырауға қонды

3 547 рет қаралды


12 қаңтарда сағат 20.35-те Атырау қаласының халықаралық әуежайына №КС911 Алматы-Стамбул рейсін орындаған «Эйр Астана» әуе компаниясының «Эрбас А320» ұшағы кенеттен қонуға мәжбүр болды.

Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, 86 жолаушысы бар әуе кемесі Алматыдан сағат 18.22-де ұшып шыққан. Ұшу кезінде экипаж кабинасында салондағы температураның көтерілгені туралы дабыл іске қосылған. Атырау әуежайында әуе лайнері мұздануға қарсы арнайы ерітіндімен өңделген. Осыдан кейін сағат 22.00-де әуе кемесі ұшуын жалғастырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қаңтар 2018, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.