Атырау, 28 сәуір 20:19
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

От шашқан есептегіш

Сурет
3 937 просмотра

Атырау қаласында Привокзальный 3 «а» ықшамауданындағы №11 үйде тұратын оқушы жалын ораған пәтер ішінен 2 жасар інісін аман алып шықты. Ал олардың көршісі бес қабатты үйді үлкен қатерден құтқарып қалды.

29 қаңтарда таңертең Ләззат ҚАЛМҰРЗИНА әдеттегідей таңғы сағат 8-де ортаншы ұлын мектепке алып кетеді. Ол шығып кеткеннен кейін тарсыл естіледі, үйде Әли мен Әділ ұйықтап жатқан болатын.

- Мен гүрсіл естідім, бірақ тұрғым келмеді, - дейді үлкені Әли, - Содан кейін күйік иісі шықты. Ас үйге бардым, ал ол жерде от жалындап, перделер, қабырға, сплит жүйесі жанып жатты. Айнала қара түтіндеп кетті... Мен жатын бөлмеге жүгіріп, Әділді көтеріп алдым да, сыртқа атып шықтым.

Көшеде тоңып жылаған балаларды біреу жылы көлікке отырғызыпты. Екінші қабаттағы көршісі Ерболат ИХСАНОВ та балалардың айқай-шуын естиді. Олардың пәтеріне кіріп, от жалындап жатқан өртену ошағын – газ есептегішті тауып алып, вентилін жауып тастайды.

Оқиғадан кейін №11 үй тұрғындары газ қызметінен соңғы рет осыдан 5 жылдай уақыт бұрын келгендігін еске алды. Бұған 2013 жылғы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ түбіртегі дәлел болады. Сол кезде бірнеше пәтерде газ есептегіштері ауыстырылған.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Мұхит ЫҚЫЛАСТЫҢ айтуынша, газ жабдығының техникалық жағдайын тексеру үш жылдан бері жеке қолға өткен.

- Тұтынушыны техникалық қызмет көрсеткені үшін қандай фимраға ақша төлейтіндігі сирек қызықтырады, - дейді М. Ықылас. – Төлем туралы түбіртекте фирманы атауы, кем дегенде телефон нөмірі болуы тиіс. Менің білуімше, осындай кейбір қызметтерді тіпті кеңсесі де жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қаңтар 2018, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.