Атырау, 26 қараша 16:40
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Клубтар иелерін тапты

3 024 просмотра


Жақында «Шайбалы хоккейден «Бейбарыс-Атырау»  облыстық кәсіби спорт клубы» КМК кейін 500 млн теңгеге сатып алу құқығымен 10 жылға сенімді басқаруға берілді. Саттық 183 млн теңгеден басталды, бюджет әзірге тек кепілдік жарна – 27,4 млн теңгені ғана алды, 10 жылдан кейін ұлттық валютаның жағдайы қалай болатыны бір Аллаға аян. Ал Мұз сарайы мемлекет меншігінде қалды.

Аты-жөні коммерциялық құпия болып табылатын сенімгер басқарушы хоккей клубының қызмет профилін, қызметкерлер санын (101 адам) және жалпы саны кем дегенде 120 бала болатын 4 дайындық тобын сақтау міндеттемесімен алды.

Сонымен қатар, тендер шарттары бойынша басқарушы еңбекақы бойынша бережаққа жол бермеуге міндетті және кірістің 80 пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.

Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ атап өткендей, жергілікті 8 спорт мекемесін жекешелендіру кезінде олардың мүліктік кешеніне жылжымайтын мүлік кірмейді және мемлекет меншігінде қалады.

«Атырау» футбол клубын кейіннен сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беру үшін бастапқы баға – 81 млн теңге мәлім етілді. Бірақ бірде бір сатып алушы табылған жоқ, қосымша саттықтар тағайындалды.

Алайда 2016-2020 жылдарға спорт мекемелерін жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша жетістіктер бар. Аталмыш мұз жасағынан басқа, төмендегі мекемелер сатылған немесе кейіннен сатып алу құқығымен 10 жылға сенімді басқаруға берілген:

«Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері клубы» КМҚК - 37,5 млн теңге (кепілдік жарна - 10,7);

«Атырау облыстық су спорты түрлері бойынша клубы» ЖШС - 8,9 (4,5);

«Атырау» облыстық волейбол командасы» ЖШС - 16,5 (9,5);

«Атырау» спорт кешені» КМК (ДСК-де) – 7,1 (4,1);

«Атырау барыстары» спорттың ойын түрлері бойынша облыстық командасы» КМҚК - 11,2 (6,7).

Тендер шарттары бойынша спорт клубтарының ықтимал қожайындары олардың қызмет профилін кем дегенде 3 жыл сақтауы тиіс.

Біздің бейресми ақпаратымыз бойынша, сатып алушылар – Атырау, Астана, Алматы және Оралдағы іскер жандар.

«Мұнайшы» спорт кешені» КМҚК-ні әлі күнге дейін сату мүмкін болмай отыр, соған байланысты оны тарату жөнінде жария етілді. Іс жүзіндебұл - бар болғаны ұзаққа созылатын қағаз машақаты. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қаңтар 2018, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.