Атырау, 19 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Ақтөбеде автобус өртенді: 52 адам қаза тапты

3 111 рет қаралды


Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, салдарынан 52 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"2018 жылы 18 қаңтарда 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде Ikarus маркалы автобус өртенді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.  

Сонымен қатар, 5 жолаушы автобустан шығып үлгерген, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған 52 адам оқиға орнында қаза тапқан. 

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қаңтар 2018, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.