Атырау, 11 мамыр 08:22
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Ливиялық босқындардың жәбір көруіне Еуроодақ жауапты

1 265 просмотра


Ливия босқындар мигранттар ЕО Италия Ливия аумағындағы мигранттарға зорлық-зомбылық көрсетілуіне Еуроодақ, соның ішінде Италия үкіметі жауапты. Amnesty International халықаралық ұйымы осылай деп жария етті.

Құжатқа сәйкес Рим мен Триполи өзара келісімге келген. Италиялықтар ливиялық жағалау күзетіне бар білгендерін үйретеді, қажетті техника беріп, қаржылай көмек көрсетеді. Есесіне Ливия жағы өз жағалауынан мигранттардың Кәрі құрлыққа аттануына жол бермеуі тиіс. Салдарынан Еуропаға Жерорта теңізі арқылы ағылған босқындар нөпірі айтарлықтай азайған. Сөйтіп діттеген жеріне жете алмаған 20 мыңға жуық адам қазір Ливиядағы уақытша лагерьлерді паналап жүр. Мұнда оларға жәбір көрсетеді, күштеп жұмысқа жегеді. Тіпті мигранттардың күзетшілердің қолынан қаза тапқандары да бар. Amnesty International мамандарының айтуынша, Еуроодақ өкілдері бұл жайлы жақсы білгенімен, қол қусырып, еш әрекет етпейді. Элиза Де Пьери, Amnesty International ұйымының ғылыми қызметкері:  – Ливиядағы мигранттар орталығында адам төзгісіз жағдай қалыптасқан. Ондағы жұрт үрейде өмір сүруге мәжбүр. Су ішпей, нәр татпай, аш отырады. Босқындар жақындарына қоңырау шалғанда қаскөйлер оларды қинап, туыстарынан ақша сұратады екен. Мұны бізге мигранттардың өздері айтты.

Дереккөз: 24.kz

14 желтоқсан 2017, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.