Атырау, 11 мамыр 08:46
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Путин Батысты "қос стандарт саясаты" үшін тағы да айыптады

2 350 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдерін "қос стандарт саясаты" үшін тағы да айыптады. Сочиде "Валдай" пікірталас клубының отырысында сөйлеген Путин "Еуропаның қолдауымен бірнеше ел ыдырап, Косово бөлінген соң жікшілдік көбейгенін" мәлімдеді. Президенттің пікірі бойынша, бұның бәрі Каталониядағы жағдайға әкеліп соқтырды.

Путиннің айтуынша, Еуропа Одағы (ЕО) және басқа да мемлекеттер Каталония тәуелсіздігін жақтаушыларды бірауыздан айыптаған, бірақ олар Косовоның бөлінуін бірауыздан қолдаған. "Мұндай екі түрлі стандарттар Еуропаның тұрақты дамуына өте қауіпті" деді Ресей президенті. Ол Ресейдің Каталониядағы жағдайды Испанияның ішкі мәселесі деп есептейтінін айтты.

Путиннің мәлімдеуінше, БҰҰ халықаралық жүйенің орталығы болып қала беруі тиіс. Дегенмен ол ұйымға біртіндеп реформа жүргізу керектігін айтты. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, ғылыми-техникалық фактор әлем саясатында елдердің дамуына ықпал етеді.

"Тәуратта жерден бас тарту үлкен күнә деп бекер жазылмаған" деді Ресей президент.і

Өткен аптада Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің "Валдай" форумында өте маңызды әрі қызықты мәлімдеме жасайтынын хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық

20 қазан 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.