Құлсары- Атырау тас жолының Жылыой ауданы Шоқпартағай ауылы маңында «ВАЗ- 2105» автокөлігі жылқымен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан Шоқпартоғай ауылының 36 жастағы тұрғыны ауыр халде ауруханаға түсті.
Комадан енді оянған әйелдің жағдайын дәрігерлер «ауыр тұрақты» деп бағалайды. Одан өзге көлікте жұбайы мен кәмелет жасына толмаған екі бала жеңіл жарақаттар алып, дәрігерлерге қаралудан бас тартқан. Зардап шеккендерді көліктің артқы жағынан алып шығуға тура келсе, жылқы көліктің ішіне кіріп кетіп, мерт болды.
Фархат ӘБІЛОВ