Атырау, 20 сәуір 18:50
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ескерту желі

3 084 просмотра
Қабижан ҚАПАНОВ

Ресми органдар Атырау үшін айқын ақиқатты ақыры мәлім етті. Бүкіл тамыз бен қыркүйек бойына бізді АМӨЗ улап келген екен. Облыстың бас экологы Қабижан ҚАПАНОВ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша осындай мәлімдеме жасады.

Кәсіпорынға 25 тамызда басталған тексеру жұмыстары аяқталды. Экологтар кәсіпорынға 500 АЕК (1,1 млн теңге) мөлшерінде айыппұл салды, алайда қала тұрғындарының зардап шеккендігі үшін емес, экологиялық заңнаманың формальдық талаптарын бұзғаны үшін.

- 22 тамыздан бастап бізге тұрғындардан ауадан шығатын жағымсыз иіске, соның салдарынан қал-жағдайларының нашарлап, бас ауруларының көбейгендігіне қатысты  шағымдар түсе бастады. Барлығы 20-дан астам хат келді, олардың көпшілігі ұжымдық хаттар болатын. Күні бүгін ғана біз тексеру жұмыстарын аяқтап, 2 заң бұзушылық анықтадық. 18 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде зауыт қоршаған ортаға әсерді бағалау қорытындысын алған жоқ, ҚОӘБ әзірлеген жоқ. Осы негізде біз айыппұл салдық. Екінші заң бұзушылық – жобаны әзірлеу кезінде олар қолайсыз метеожағдай кезіндегі әрекет ету жоспарын қарастырмаған. Алайда 18 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында күн сайын метеорологтардан дауылдық ескертулер түсіп жатты. Мұндай күндері, талаптарға сәйкес, олар мақұлданған жоспар бойынша өндірісті азайтуға тиіс, олар бұлай жасамаған. Бірінші рет ескерту беріп отырмыз. Келесіде сотқа шағымдануға мәжбүрміз, - деді Атырау облыстық экология департаментінің басшысы. –Желдің бағыты бойынша иіс келуі мүмкін деген бірнеше компанияға: ҚазТрансОйл (АМБ) мен бұрынғы химзауыт аумағында орналасқан  Мұнайэкспорт пен Оргситис компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргіздік.

Айта кету керек, бұл тексеру жұмыстары шағын болғанымен, азаматтық қоғамның айқын жеңісі деуге болады. Бұл тікелей болмаса да, қала тұрғындары мен өкілетті органдарды хаттармен үйіп тастаған журналистердің елеулі қысымының салдарынан орын алды. Қапанов мойындағандай, «бас ауруы» экология департаментінің тарапынан әрекет етуге түрткі бола алмайды, бірақ жұртшылықтың қысымымен табиғат қорғау прокуратурасы тексеру нысаны ретінде нақты АМӨЗ-ді нұсқап, тексеру жүргізуге бұйрық берді.

- Біздің редакция тамыз-қыркүйек бойына АМӨЗ-ге ресми комментариймен әлденеше рет жүгінді. Зауыттың баспасөз қызметі бүкіл зауыт, бүкіл торап түгелдей тоқтатылғанын, сондықтан шығарынды тастай алмайды немесе иіспен уландырып жатқан кәсіпорын бола алмайды деп айтқан еді. Демек АМӨЗ жұртшылық пен БАҚ-тарға мізбақпастан өтірік айтқаны ма?

- Солай болғаны. Иіс нормаланбайды, сондықтан «Қазгидромет» газ анализаторлары шекті деңгейдің асуды көрсетпейді. Бірақ біз сол жерде болғанда олардың жөндеуді 18-де бастағанын, ал 19-нан бастап зауыттағы бүкіл сыйымдылық люктерінің ашық болып, желдетіліп, ауасынан тазартылғанын өз көзімізбен көрдік. Сондықтан да алғашқы апталарда өткір иіс болды, содан кейін кете бастады. Иіс сол жақтан келген.

- Сіздер зауытқа заңнаманы сақтамағаны үшін айыппұл салдыңыздар. Ал өңір экологиясы мен оның тұрғындарының денсаулығына тигізілген зиян үшін шаралар алына ма?

- Бұл дәлелденбейтін нәрселер. ШРК-ден асу тіркелмеген. Иіс нормаланбайды. Біздің өзіміздің газ анализаторымыз жоқ, сондықтан Қазгидрометті тартуға мәжбүрміз. Біз осы АМӨЗ маңындағы нүктелерге бардық, иіс бар, бірақ ШРК асқандығын көрсетпеді.

- Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады: ақпарат органы ретінде иіс сезу қабілеті теңгерімнің айқын бұзылғанын сезіп отыр, ал аспаптар сезбейді. Бұл тұрғыда Қазгидромет анализаторлары объективті ме деген сұрақ туындайды.

- Олар объективті. «Қазгидромет» пен АМӨЗ-ге тиесілі ауа сапасына мониторинг жасау станциясының мәліметтеріне сәйкес, 19-22 тамыз аралығында ауа сапасынан жалпы көмірсутектің көп мөлшері анықталды. Бірақ бұл енді біздің және метеорологтардың айрықша құзыреті емес. Бұл ең алдымен санитарлық дәрігерлердің міндеті.

- Ал олар бұл айларда қандай шаралар алды?

- Сырғытпа жауаптан басқа ештеңе де. Мүлдем ешқандай шаралар алмады. Біз қазір оларға бірлесіп іс-әрекет ету туралы хат жаздық. Жауабын күтіп отырмыз. Бүгін біз жақында бірнеше қатысушылар қол қойған меморандумның негізінде кесте құрдық. Өз анализаторымызды алғанша кесте бойынша аптасына 3 рет АМӨЗ-ге тұрақты барып тұратын боламыз. Бірақ Атырауда ластаушы көздер өте көп. Күкіртсутек бойынша, біздің мәліметімізге сәйкес, ұсақ кәсіпорындарды қоспағанда, 3 ірі ластау көздері бар: АМӨЗ және сол жақ пен оң жақ жағалаудағы екі булану алаңы. Бұл жағдайда аңғару өте қиын, бәрі желдің бағытына ғана байланысты.

- Сіздердің тексеру жұмыстарыңыз АМӨЗ-дің шығарындыларды үнемі тастап отыратынын, желдің бағытымен қала бұл туралы көбінесе білмей қалып жататынын көрсетіп отыр. Бұл жолы ауа-райы, дәлірек айтқанда, зауыттан тұрғын ықшамаудандарға қарай ұзақ уақыт бағытын өзгертпеген «жел раушаны» зауытты қапы қалдырды. Сіздер бұл тұрғыда шаралар аласыздар ма?

- Иә, енді үнемі бақылау жасап отыратын боламыз. Біз жазда министрліктің желісі бойынша бір газ анализаторын, екінші аспапты – жергілікті атқарушы билік желісі бойынша алуға тиіс едік. Бірақ ойламаған жағдай болды. Ресейдегі өндіруші бағаны өсіріп жіберіп, тендерді өткізілмеді деп тануға тура келді. Қайтадан тапсырыс беріп қойдық, енді оларды қарашаның аяғында келеді деп күтіп отырмыз.

- Біздікіндей өңірдің экологтарында ауа, су және топырақ құрамын талдайтын өз аспаптарының жоқ болуы дұрыс жағдай ма?

- Бұл дұрыс жағдай емес. Бірақ мен бұған комментарий бере алмаймын, өйткені, мен бұл лауазымға өткен жылдың қыркүйегінде тағайындалып, бірден осы мәселені көтердім. Әкімдік бізге қолдау көрсетті. Осы уақыт бойына ұйымдастыру мәселелері жүргізілді. Бірақ АМӨЗ-бен қолайсыз метеожағдайда заңнаманы сақтамағаны үшін соттасатын боламыз. Естеріңізге салсам, 2012 жылы мұнай өндірісінде жұмыстар жүргізу кезінде метеожағдайды ескеруді міндеттейтін норматив қабылданған. Онда: белгілі бір метеожағдайда мұнайы бар ыдыстарды буландыруға, жуып-шаю және сол сияқты жұмыстар жасауға тыйым салынатындығы айқын жазылған.  Зауыт Қазгидрометтен тұрақты түрде хабарлама алып тұрған, бірақ мұны жасауды жалғастыра берген. Егер бұл заң бұзушылық қайталанса, біз зауыттың қызметін тоқтату туралы мәселе көтеретін боламыз.

- НКОК сіздерге өз метеостанциясын бергендігін растаған еді.

- Бізде НКОК компаниясының ресми хаты бар, онда жаңа бағдарламаның енгізілуіне байланысты бұл аспаптардың онлайн режимінде мәліметтер бере алмайтындығы айтылған. Яғни, не ондағы бағдарлама ескірген, не олардың серверлеріне жасалған әйгілі хакерлік шабуылдың нәтижесінен жұмыс жасамай тұр. Бүгінде бізде тек АМӨЗ-дің 4 станциясының ғана мәліметі бар, НКОК-тан ештеңе алған жоқпыз. Жалпы мұндай станцияларды жер қойнауын пайдаланушылар өз еріктерімен орнатады. Сондықтан біз прокуратураға заңға өзгерістер енгізіп, мұндай компанияларды оларды ерікті түрде емес, орнатуға міндеттеу туралы ұсыныс хат жолдадық.

Біз сондай-ақ, әкімдік пен осындай станцияларды жеткізумен және монтаждаумен айналысатын фирмалардың қатысуымен көптеген кездесулер өткіздік. Мәселен, қазір үшінші, соңғы буынды лазерлік анализатор бар. Онда екі бағанның ортасынан лазерь сәулесі өтіп, ол арқылы өтетін барлық нәрсені тұтып қалады. Сөйтсек, заң бойынша мемлекеттен мұндай жабдыққа ақша бөлуге тыйым салынады екен. Сондықтан қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Содан  соң жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыларға қондырғыны қаржыландыруды ұсынды. Олар бас тартты. Сол кезде фирмалардың бірі қаладан өз есебінен сынама станциясын орнатуды ұсынды. Атап айтқанда, АМӨЗ бірлесе жұмыс жасаудан бас тартты. Бұл мәселе әлі күнге дейін ашық, біз қазір лазерь станциясын қай жерден орнатқан дұрыс екендігін шешудеміз. Зауыттан Жилгородок арқылы Авангард жақ бағыты таңдалатын шығар. Сондай-ақ, өзіміздің мониторинг орталығымыз туралы мәселе де шешілуде.

- Сонда НКОК станциялары көктемнен бері жұмыс жасамай тұрғаны ма? Олар бағдарламаны қашан жаңартады екен?

- Қазан айында олар көрсеткіштер бере бастайды деп ұйғарылып отыр.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

26 қыркүйек 2017, 23:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.